11.11.2013 Views

dissertacia-myrzabaeva.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

(СO) – жоғары концентрациялы сульфитті детоксификациялауға қатысады

(сурет 6). Демек, топырақ құрамындағы молибденнің жетіспеушілігі

өсімдіктердегі маңызды метаболикалық қызметтерді бұзып, өсімдік өліміне

тудырады [131]. Сонымен бірге, нитратты амин қышқылына айналдыру

жүйесінің бұзылуы нәтижесінде өсімдіктер нитратты артық мөлшерде жинап,

ол өсімдіктерде ақуыз тапшылығына әкеліп соқтырады. Бұршақты емес

өсімдіктер тобында бұршақ тұқымдастарына қарағанда, молибденнің

тапшылығы азотты тыңайтқыштармен өңдегенмен қалпына келмейді, ол

үшін тек молибденнің арнайы мөлшерін қолдану қажет [132]. Осыған

қарамастан, өсімдіктерде және жоғары организмдердегі молибденнің

транспорты әлі де толық зерттеулерді қажет етеді. Stout және Meagher (1948)

ең алғаш рет қызанақта молибдаттың сіңірілуі фосфаттың қатысуымен

артып, керісінше сульфатты қосқанда тежелгенін байқады [133].

Cурет 6 - Молибденді кофакторлардың (Moco) құрылымы мен

үйлесімділігі,

http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S001085451100055

Абиотикалық стресс барысында ксантиндегидрогеназа ферментінің

активтілігі

Ксантиндегидрогеназа (КДГ) ферменті жоғары сатылы өсімдіктер үшін

маңызды уреид биосинтезі үшін қажет. Молибдоферменттер өсімдіктердегі

стресс акклиматизациясына және қоршаған ортаның қолайсыз факторларына

байланысты өсімдіктерде болатын метаболикалық өзгерістерге қатысады

[134] (сурет 5).

30

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!