11.11.2013 Views

dissertacia-myrzabaeva.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Біздің бұл зерттеу жұмысымыз жоғары тұздануда және вирустық

аурулармен зақымдану барысында өсімдіктерде бейімделу механизмінің

қазірге дейін белгілі болған жүйелерінен басқа абиотикалық және

биотикалық стресс барысында тауарлы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру

және бейімделу механизмдерін зерттеу арқылы осы стрестермен күресуге

ауқымды жол ашады.

Зерттеудің мақсаты: Тұзды (абиотикалық) стресс кезінде

галофиттердің әртүрлі ұлпаларында орын алатын тұзға бейімделуде шешуші

рөл атқаратын физиологиялық, биохимиялық және антиоксиданттық

жүйелердегі және вирустық инфекция (биотикалық) стресс кезіндегі

антивирустық үрдістердегі өзгерістерді зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

1. Тұзды стрестің галофит тұқымдарының өнгіштігіне және биомасса

өнімділігіне әсерін зерттеу.

2. Тұзды стрестің биохимиялық көрсеткіштеріне (жалпы ерігіш қант

құрамы, хлорофилл, ақуыз синтезі, иондардың жиналуы) әсерін

анықтау.

3. Тұзды стрестің антиоксиданттар синтезіне (аскорбин қышқылы,

полифенол, пролин, уреид) әсерін анықтау.

4. Молибдоферменттердің тұзды стресс жағдайында галофиттердегі

биологиялық рөлін анықтау.

5. Биотикалық стресс- TBSV вирусының N. benthamiana өсімдігінде

таралу қарқындылығын анықтап, TBSV вирусының патогенезіндегі

Р19 вирустық суппрессордың биологиялық маңызын зерттеу.

Зерттеу объектілері: C. maritmum, I.crithmoides, A. hortensis, S.

herbaceae галофиттері және N. benthamiana өсімдігі.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.

Жұмыстың практикалық маңызы, ең алдымен, ауыл шарушылығында

азық-түлік құндылығы жоғары өсімдіктерді тауарлық дақылдар ретінде

пайдалануға мүмкіндіктер берсе, екіншіден, биотикалық стресс барысында

супрессорлы Р19 ақуызы механизмінің ашылуы қожайын және вирустар

арасындағы қатынасты кеңінен түсініп, ауыл шаруашылығындағы

өсімдіктердің вируспен зақымдану дәрежесін бақылауға жол ашады.

Өсімдіктің абиотикалық және биотикалық стрестерге төзімділігі патогеннің

түрлеріне және стресс сигналдарына қарай көптеген молекулалық,

биохимиялық және физиологиялық механизмдерді қамтиды. Осы

механизмдердің үлгісін біз ең алғаш рет абиотикалық стресс (тұзды стресс)

барысында C.maritimum, I.crithmoides, A.hortensis, S.herabceae –

өсімдіктерінен анықтадық. Аталған өсімдіктердің ауыл шаруашылық,

тауарлық дақыл ретіндегі келешектері олардың антиоксиданттарды

синтездеу қабілеттерімен байланысты зерттеліп отыр. Сонымен қатар, стресс

ферменті - молибдоферменттердің тұзды стресс барысындағы қызметі де

айқындалып отыр. Ал биотикалық стресс - өсімдіктердің вирустарға

төзімділігінің молекулалық механизмдерін анықтау болашақта вирустық

8

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!