11.11.2013 Views

dissertacia-myrzabaeva.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

3.6. Биотикалық стресс - өсімдіктердегі вирустық инфекцияның

таралуы

3.6.1. TBSV вирусының Nicotiana benthamiana өсімдігінде ауру

көрінісінің сипаты

Зерттеу тәжірибелері барысында кызанақтың ергежейлі бұталы

(Tomato Bushy Stunt Virus) вирусы қолданылды. Tombusviridae тұқымдасының

өкілі – TBSV вирусы – оң полярлы, бір тізбекті РНК- молекуласынан тұрады

[252]. Ұзындығы – 4800 нуклеотидтен тұрады, салмағы 41 кДа болатын 180

бірдей ақуызды суббірліктерден тұратын қабықшамен қапталған. TBSV –

вирусы бес түрлі ақуызды кодтайды: Р33 және Р92 вирус репликациясын

жүзеге асырады және геномдық РНҚ- молекуласынан трансляцияланады

[253], Р41- капсидті ақуыз, сгРНҚ1- ден трансляцияланады, Р19- ақуызы

нуклеазды активтілік супрессоры және иесінің ағзада қозғалуына жауап

беретін – Р22 ақуызы – сгРНҚ2- ден трансляцияланады [254].

Алынған in vitro транскрипттер 30-35 күн жылыжайда өскен N.

benthamiana өсімдіктеріне механикалық жолмен инокуляцияланды.

Сурет 44 - Сол жақта – бақылау өсімдік, ортасында- вирустың жабайы

типімен инфекцияланған өсімдік коллапсқа ұшыраған көрінісі, ал оң жақта –

Р19 белогы дефектіге ұшыраған өсімдік.

N.benthamiana өсімдіктерінде вирустық жұқтырылу 5, 7, 10, 14-ші

күндері байқалды. Вируспен жұқтырылғаннан кейін 5-7 күндері өсімдіктерде

ауыру сипаттары байқалды.

Вируспен зақымданған аймақтар сарғайып, некроз симптомдарын

тудырды. Жабайы типті TBSV – вирусымен зақымдалған өсімдіктердің

жоғары жапырақтары қабыршақтана бастады (сурет 44). Қабыршақтанудың

пайда болуы антивирустық РНҚ- интерференция механизмінің басталғанын

көрсетеді. Бірақ, р19 ақуызы дефектті болған мутантты өсімдіктер 2 аптадай

аурумен күресуден соң өсуін қалыпты жалғастыра берді (сурет 44). Ал

81

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!