11.11.2013 Views

dissertacia-myrzabaeva.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

жағдайда натрий концентрациясы жоғары болғанда электрохимиялық

градиент натрийді пассивті жағдайда сіңіреді. Дегенмен, жасушаның

сыртындағы натрий ионының төмендеуі активті процесс және АТФ түрінде

энергияны қажет етеді. Бұл үрдіс барысында плазма мембранасындағы

Nа + /Н + антипортері Nа + ионының енуіне жәрдемдеседі. Натрий ионының

сыртқа шығуынан басқа кейбір галофиттер натрий ионын вакуоль ішіне

жекелеп жинап, бұл ионның токсинді әсерінен цитозолды қорғайтын

механизмге ие болады. Nа + ионының вакуольге тасымалдануы вакуольды Н +

тасымалдаушы – АТР-аза және Н + - Ррi-аза ферменттері тудырған

протондардың электрохимиялық градиенті басқаратын катион/Н +

антипортері арқылы жүзеге асады [61]. Бұл транспортерлар Nа + ионын

вакуоль ішіне жинап, немесе жасуша сыртына тасымалдауда маңызды рөл

атқарады.

Өсімдіктердің осмотикалық реттелуі

Абиотикалық стрестерге жауап ретінде өсімдіктердің осмотикалық

реттелуі - жасуша ұлпасында үнемі кездесетін осмотикалық қысымды

тұрақты сақтауды жүзеге асыратын процестер жиынтығы [62].

Бейорганикалық иондардың жиналуынан және вакуольде артық иондардың

оқшаулануынан басқа вакуоль және цитозолдың арасындағы осмотикалық

баланстың реттелуі органикалық ерітінділердің синтезімен жүзеге асады.

Сонымен қатар осмотикалық заттардың синтезделуі қоршаған ортадағы су

потенциалының төмендеуі барысында жасушаларда ақуыздардың

тұрақтылығын сақтауға қатысады [33, 1066 - бет]. Өсімдік жасушасы алуан

түрлі органикалық ерітінділерді: пролин, сахароза, полиол, трегалоза,

глицин бетаин, пролин бетаиндерді синтездейді [63]. Олардың молекулалық

салмағы төмен, ерігіштік қасиеті жоғары, мөлшері өте жоғары болса да,

өсімдік үшін қауіпті емес [64]. Олар өсімдіктің жасуша ішілік биохимиясын

және жасуша қызметін бұзбай [65], субжасушалық құрылымдарды қорғап,

бос радикалдар тудырған тотығу стресінің әсерін азайтады [66].

Осмолиттердің жиналуы абиотикалық стресс барысында галофитті және

гликофитті өсімдіктерде жиі кездесіп, олардың дамуына айтарлықтай әсер

етеді; бірақ, осмолиттердің синтезі өте көп мөлшерде АТФ молекуласын

жұмсайтын энергияға тәуелді процесс болып табылады [67]. Көптеген

зерттеулерде абиотикалық стрестерге қарсы өсімдіктерде осмолиттердің

синтезі артқаны байқалады бірақ, өсімдіктің барлық түрі аталған

осмолиттерді синтездемейді, кейбір өсімдіктер өте аз мөлшерде жинаса, кей

өсімдіктер осмолиттерді мүлде синтездемейді [64, 208- бет].

Өсімдіктің тұзды стресс жағдайына бейімделуі барысында пролиннің

биологиялық маңызы

Пролин маңызды бірінші реттік метаболизмге қатысатын және ерекше

конформациялық қаттылығымен сипатталатын амин қышқылдарына жатады.

Пролиннің жиналуы ең бірінші рет солған қара бидай (Loliumperenne)

өсімдігінен табылды және көптеген зерттеулер пролин мөлшерінің

өсімдіктерде әртүрлі экологиялық стресс жағдайында артатындығын

21

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!