11.11.2013 Views

dissertacia-myrzabaeva.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

деңгейін төмендету әдісімен темекі өсімдіктерінде канцерогендерді

төмендету әдісі жетілдірілген. Өсімдіктердің ген-инженерлік өзгерістеріне

басқа да мысалдар ретінде, көкнәрдің есірткі заттарының төмен деңгейде

болатын түрлерінің шығарылуы, өсімдіктердің вирустарға төзімділігін

жоғарылату және де қызанақ жемісіне антиоксиданттардың қосылуын айта

кетуімізге болады [160, 173- бет].

РНК - интерференция әрекетіне қарсы жауап ретінде вирустар

өсімдіктердің иммундық тұрақтылығының молекулалық механизміне қарсы

ерекше стратегия тапты [161]. РНК- интерференцияға қарсы ең тиімді және

қолданбалы контрмера болып молекулалық – иммундық механизмінің

вирустық супрессиясы болып табылады. Мысалы, көптеген вирустар RNAiды

тиімді тоқтатып қоя алатын ерекше ақуыз супрессорларды кодтайды (viral

supressors of RNAi (VSR)). Өсімдіктердің қорғаныс жүйесіне қарсы тұру үшін

вирустық VSR экспрессиясы себепті болжамдар қозғауда. Ол болжамдар

РНК- интерференцияның бастапқы қызметі өсімдіктердегі патогенге қарсы

тұру болып табылады [161, 14385-бет]. Қазіргі көптеген вирустық ақуыздар

VSR деген атпен белгілі, себебі олар бастапқыдан патогендік немесе

вируленттіктің факторы ретінде белгілі болды, өйткені олардың

экспрессиясы вирустық аурудың түзілуімен белгілер амплитудасын

анықтайды [162]. Көбіне бұл ақуыздардың экспрессиясы вирустық

репликациялардың негіздеуші факторы емес. Бірақ вирустық супрессорлар

тиімді аккумуляция және инфекция барысында вирустардың таралуы үшін

қажет [164]. Қазіргі кезде супрессорлық белсенділікке ие көптеген вирустық

ақуыздар табылды. Бірақ олардың жұмысының биохимиялық механизмі

әдебиеттерде жақын арада пайда болды. Соңғы молекулалық, биохимиялық

және құрылымдық әр түрлі VSR зерттеулер RNAi супрессиясының

механизмін толық қарауға мүмкіндік берді. Барлық вирустық

супрессорлардың ортақ қасиеті болып RNAi-дың әр түрлі кезеңінде оның

қорғаныштық жүйесіне қарсы әсер ету болып табылады. Бұл қарсылық

әрекеті вирус пен өсімдік арасында күрделі және қиын «эволюциялық

күрестің» интенсивті мысалы бола алады. Вирустық супрессор мен

өсімдіктердің RNAi механизмі арасындағы коэволюция, сонымен қатар,

өсімдіктің қорғаныс жүйесіне вирустың бейімделуінің қиындылығын

дәлелдеп отыр [164].

1.7.3 RNAi вирустық супрессорының (Tombusvirus P19) биохимиялық

қасиеті.

РНҚ- интерференцияға қарсы жауап ретінде вирустар эволюциялық

даму барысында осы механизмді бұзу мақсатында вирустық супрессорлық

ақуызтарды кодтай бастады. Бүгінгі таңда вирустық супрессорлар РНҚинтерференцияның

кілтті сатыларын бұзу немесе «алдау» амалдарын тапты

[165]. Келесі мысалда біз РНҚ-интерференция механизмінің қызметін

тежейтін вирустық супрессор Р19 - ақуызына тоқталамыз.

38

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!