11.11.2013 Views

dissertacia-myrzabaeva.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

титірлеп, Homer et al (1961) әдістері бойынша атомды- абсорбциялық

спектроскопиямен өлшеді.

Аскорбат (АСК) және дегироаскорбаттың (ДАСК) мөлшерін анықтау

Аскорбатты анықтау Law және тағы басқалардың (1983 ж) әдістері

бойынша анықталды [170]. Өсімдік ұлпасындағы аскорбатты өлшеу үшін ең

алдымен өсімдік ұлпасын 5%-мета-фосфор қышқылымен 1:5 қатынасында

гомогенделеді. Кейін алынған экстракт 14,000 айналымда 20 минутқа 4°С-та

центрифугаланып, супернатант жиналды. Аскорбатты анықтаушы қоспаны

талдау үшін құрамы келесідегідей ерітінді дайындалды: 0,1 мл өсімдік

экстрактісі, 150мМ натрий фосфатты буферлік ерітіндідегі 0,1 мл 5 мМ ЭДТА

және 0,2 мл бидистилденген су қосылды. Ал жалпы аскорбат (АСК+ДАСК)

құрамын анықтау үшін келесі реакциялық қоспа дайындалды: 0,1 мл өсімдік

экстрактісі, 150мМ натрий фосфатты буферлік ерітіндідегі 0,1 мл 5 мМ

ЭДТА, 10мМ ДTT 0,05мл және 0,15 мл бидистелденген су қосылды. Алынған

қоспаны 15 мин бөлме температурасында инкубациялап, ДTT-дың артық

мөлшері 0,05 мл 0,5% N-этилмалемидтің көмегімен тотықтырылады. Екі

жағдайда да (АСК және ДАСК) реакциялық қоспаның түсі 0,2 мл 10%

трихлорсірке қышқылы (ТСҚ), 0,2мл 44% ортофосфор қышқылы, 0,2 мл 4%

дипиридил және 0,1 мл 3% темір хлоридімен өңделді. Үлгілерді мұқият

араластырғаннан кейін 1 сағатқа 37°С - қа инкубирлеп, кейін оптикалық

тығыздығы 525нм-да спектрофотометрде өлшедік.

Өсімдік ұлпасындағы тұтас полифенол синтезін анықтау

Тұтас полифенол мөлшері Singleton және Rossi (1965ж) сипаттаған,

модифицирленген әдістері бойынша анықталды [171]. Қысқаша, 0,2г мұздаған

жапырақ үлгісін ұнтағыш пен келсапта қатынасы 1:3,5 болатын 100мМ

натрий-фосфатты буфермен бөліп аламыз. Алынған экстрактіні 14,000

айналымда 20 минутқа 4°С-та центрифугалаймыз (Z 233 MK-2, HERMLE)

және супернатантты жинаймыз. Қоспаны талдау үшін арнайы реактивтер:

0,1мл өсімдік үлгісінің аликвотына 0,125 мл 2Н фолин-циклатор, 0,5мл 35%

Nа 2 СО 3 және 4,28 мл бидистелденген су қосып, шайқалмалы су моншасында

(COMFORT HETO MASTER SHAKE) 150 айналымда, 30°С-та 60 мин

көлемінде инкубациялаймыз. Алынған түстің оптикалық тығыздығы 730 нм

спектрофотометрде (JASCO, модель V-530) белгілі (ГҚ) галлик қышқылымен

стандартты ерітінді арқылы салыстырмалы түрде концентрациясы анықталды.

Тұтас полифенол мөлшері жапырақтың балғын массасының (БМ) мг г -1

галлик қышқылы эквиваленті бойынша өлшенді.

Несеп қышқылын, аллантоин (АЛН) және аллантоин қышқылын (АЛҚ)

анализдеу

Сақталған үлгілерді арнайы үккіште 80%- этанолда 1:4 (с/қ) қатынасы

бойынша ұсақталады. Алынған экстрактілерді 14, 000 айналымда, 20 мин,

4°С-та центрифугалаймыз (Z233 MK-2, HERMLE). Жиналған супернатант

уреидтерді анықтау үшін, аллантоин мен аллантоин қышқылдарын стандарт

ретінде алып, Vogels and Van der Drift (1970ж) әдістері бойынша зерттелді

[172].

46

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!