11.11.2013 Views

dissertacia-myrzabaeva.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

C. maritimum өсімдігі тұқымдарының өнуі тұз мөлшерінің орташа

концентрациясында ғана байқалып, тұздың жоғары мөлшерінде өнгіштігі

толығымен тежелді (cурет 16). Бұл нәтиже Abdallah Atia [176] нәтижелерімен

сәйкестікті көрсетеді. Себебі, олардың зерттеулерінде де С. maritimum

өсімдігі тұқымының өнуі 50мМNаСl- дан асқанда толығымен тежелетіндігін

баяндады. Керісінше, I.crithmoides өсімдігінің тұқымы 50-200мМNаСl-да

жоғары өнгіштік деңгейін 91-70% көрсетсе, 300мМ- да айтарлықтай тежелді

(16 сурет). Біздің нәтижелеріміздің аналогиялық нұсқасын Zurayk және тағы

басқалардың зерттеулерінен кездестірдік. Себебі, Zurayk және тағы басқалар

тұздың 50-ден 800мM-ге дейін концентрациясында I. сrithmoides тұқымының

өнгіштігін анықтап, 200мMNаСl-дан асқанда ғана тұқым өнуінің төмендегенін

байқаған [45, 213- бет].

Алынған нәтижелерге сүйене отырып, біз I.crithmoides A.hortensis және

S.herbaceae өсімдіктері С.maritimum өсімдігіне қарағанда тұзды стреске

төзімділігі айтарлықтай жоғары екеніне көз жеткіземіз. S.herbaceae

тұқымының максималды мөлшері 100мMNаСl-да 63% - ға жетсе, 200мМ

NaCl- да тек 6% - ға ғана тежелгенін көреміз (сурет 18). Chapman (1960) және

тағы басқалардың еңбегіне сүйенсек, S.herbaceae өсімдігі тұқымының өнуі

NаСl-дың 1700мМ концентрациясында да байқалған [177]. Бірақ бұл

нәтижеде тұқымның өну қарқындылығы сипатталмаған. Әрине, бұл нәтиже

өсімдік тұқымының қандай жағдайда өсуі мен уақытына, күн ұзақтығы,

жарық қарқындылығы тағы да басқа қосымша факторларға тәуелді екендігін

сипаттайды. Дегенмен, S. herbaceae, I. crithmoides және A. hortensis

өсімдіктерінің тұқымдарының жоғары тұз концентрациясында өсіп - өнуі

олардың облигатты галофиттер екенін тағы да дәлелдейді. Ал C. maritimum

тұқымының сезімталдығы тамырдың ұзарып өсуі және қалыпты дамуы

тікелей тұқымның суды сіңіру қабілетінің тежелуімен яғни, осмотикалық

потенциалдың төмендеуімен байланысты [178]. Біздің тәжірибелеріміздің

нәтижелері көптеген галофитті тұқымдардың өну қабілетіне ұқсас, яғни

галофиттердің басым көпшілігінің тұқымдары тұз мөлшері төмен ортада

жақсы өссе, жоғары тұз мөлшерінде тұқым өнгіштігі тежеледі деген ортақ

тұжырымға сәйкес келеді [179].

3.2 Тұзды стресс жағдайында галофиттер биомассасының

жиналуы

Келесі зерттеу жұмыстарында біз тұзды стрестің өсімдік биомассасына

тигізетін әсерін бақыладық. Себебі, тұзды стресс көптеген өсімдіктердің

биомассасын төмендетіп, ауыл шаруашылығында маңызы зор галофитті

мәдени дақылдарға кері әсерін тигізеді. Өсімдіктердің биомассасын тұзды

стресс жағдайында анықтау да өсімдіктің тұзға төзімділігін анықтайтын

бірден-бір маңызды көрсеткіш болып табылады. Тұз концентрациясының

жоғарылауы төрт түрлі өсімдіктерінің биомассасын төмендетті (сурет 19-22).

53

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!