11.11.2013 Views

dissertacia-myrzabaeva.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

(КДГ) және альдегидоксидаза (АО) тұзды стресс барысында "Зерттеу

материалдары және әдістері" бөлімінде сипатталғандай төрт түрлі

өсімдіктерде: C. maritimum, I. crithmoides, A. hortensis және S. herbaceae –

анықталды. Молибдоферменттер анализі денатурацияланбаған

полиакриламидті гелде жүргізілді. Ксантиндегидрогеназа ферментінің

субстраты ретінде гипоксантин және ксантин пайдаланылса,

альдегидоксидаза ферменті үшін индол-3-aльдегид, ацетальдегид

қолданылды. КДГ - ферменті тұзды стресс жағдайында C. maritimum

өсімдігінің жапырағында және тамырында айтарлықтай жоғарылады.

Сурет 38 - Тұзды стреспен өңделген C. maritimum өсімдігінің жас (ЖЖ)

және ескі (ЕЖ) жапырағындағы ксантиндегидрогеназа ферментінің

активтілігі. Салыстырмалы тығыздығы (NIH Image 1.6) компьютерлік

бағдарлама бойынша алынған жолақтардың тығыздығы пайыздық мөлшерде

анықталды.

Зерттелген өсімдіктің біз ескі, жас жапырағындағы және тамырындағы

КДГ ферментінің активтілігін анықтадық. 38 суретте берілгендей КДГ

активтілігі қарқынды түрде жас жапырақта ескі жапырақпен салыстырғанда

бақылауда 14 - 28% - ға, ал 50мMNаСl-да 64-78% - ға артқаны байқалды.

Сонымен қатар, жапырақтағы КДГ ферментінің белсенділігі тұзды стресте

бақылаумен салыстырғанда айтарлықтай жоғарылағанын көреміз (сурет 38).

Ал тамыр экстрактісінде КДГ-нің салыстырмалы мөлшері анықталып,

бақылауда тұзды стреспен салыстырғанда айтарлықтай төмен екендігі

көрсетіледі (сурет 39).

75

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!