12.07.2015 Views

9. Sayı; TURAN-SAM KIŞ Sayısı, 2011

9. Sayı; TURAN-SAM KIŞ Sayısı, 2011

9. Sayı; TURAN-SAM KIŞ Sayısı, 2011

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

(2)ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨП МАҒЫНАЛЫЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСЫШапағат ЖАЛМАХАНОВТүркі тілдеріне ортақ сөздердің əр түрлі мағынада болуы əрбір ұлттың заттар менқұбылыстарды өзіндік ұлттық таным, көзқараспен тануымен байланысты. Қазіргі түркітілдерінде бір сөздің əр түрлі құбылысты, немесе керісінше бір құбылысты əр түрлі сөзбенатауының басты себебі халықтардың əдет-ғұрып, салт-дəстүр, наным-сенім, кəсіпшаруашылық,табиғаттық-климаттық құбылыстар мен жағдайларға қатысы бар. Белгілі біробъективті шындықты түркі халықтарының əр түрлі тануының басты себебі əрбір ұлттың,тіпті оның өкілдерінің дүниетанымдық ерекшеліктерімен байланысты, бір ұлт өкілдерініңдүниені тануы əр қалай. Дүниетаным адамның көзқарасын, психикасын, логикасын,талғамын, əдет-ғұрып, салт-дəстүр, наным-сенімдерін жəне т.б. қамтиды. Сондықтан даəрбір ұлт, халық, адам бір формаға бірнеше мазмұн, бір мазмұнға бірнеше форма сыйғызуымүмкін.Заттар мен құбылыстар, сын-сипат, қимыл-қозғалыстар неғұрлым көп танылғансайын, күнделікті өмірде жиі қолданылған сайын көп мағыналы бола береді. Сөзсемантикасының бір халықта аз мағыналы, бір халықта көп мағыналы болуы əрбірхалықтың белгілі бір сөз белгілейтін нысанды аз немесе көп тануымен, қолданылуыменбайланысты. Мəселен, Сібір халықтарының мұздың 11 түсін, қазақ халқы малдың 30-дан астам түсін айырады. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің мағыналары аз болған сайынқазіргі түркі тілдеріндегі мағыналары көп бола түседі, ал қазіргі түркі тілдеріндегімағыналары аз болған сайын қазіргі қазақ тіліндегі мағыналары азая береді. Демекбелгілі бір нысанды əрбір халықтың тануының өзінде сандық жəне сапалық өзгешелікболады.Сөздегі көп мағыналықтың жалпы түркі тілдерінде 3 түрлі көрінісі бар. Олар: 1)бір тілде бірнеше затты бір сөзбен атау – бір тілдік немесе тіл ішілік полисемия, 2) бірсөзбен бірнеше тілде, бірнеше затты атау – бірнеше тілдік немесе түркілік полисемия,3) бір затты бір тілде жергілікті ерекшеліктеріне қарай бірнеше сөзбен атау, немесе бірзатты бірнеше тілдің диалектісінде бір сөзбен атау – диалектілер аралық полисемия.Қазіргі түркі тілдері мен қазақ тіліне ортақ гомогенді омонимдер өзараполисемиялық тармақ, синонимдік қатар, антонимдік жұптарды жасайды.Көп мағыналы найзағай сөзі хақас, телеуіт, қарайым, алтай, тува тілдеріндежалын, қойбағар тілінде жел мағыналарында, кісен сөзі татар тілінде білезік, туватілінде берік мағыналарында, асқазан сөзі түркімен, əзірбайжан, қырым татарлары,қарағас, қарақалпақ, татар, якут, чуваш тілдерінде жүрек деген мағыналарда, табан сөзітүркімен тілінде ая, құмық, қарашай, балқар, қырғыз, əзірбайжан, түркімен, гагауыз,ноғай, татар, хақас, якут тілдерінде аяқ деген мағыналарда, үлес сөзі түркімен, түрік,алтай, башқұрт, қарайым тілдерінде тиесі, түркімен, түрік, алтай, башқұрт тілдеріндебөлік, түрік, ноғай, қырғыз тілдерінде сыбаға, түрік тілінде қайыр, садақа, түрікдиалектісінде балаларға сыйлық, түрік диалектісінде күйеу жігіттің той күніқалыңдықтың үйіне жіберетін сыйлығы, түркімен, алтай тілдерінде бөлініс, қарайымтілінде сыйлық деген мағыналарда, үшкіру сөзі ноғай, якут, қырғыз, алтай тілдеріндеысқыру, қарайым, алтай тілдерінде ысылдау, татар, башқұрт, хақас тілдерінде дем салу,үшкіру, қырғыз, алтай тілдерінде ауыр демалу, хақас тілінде пысылдау, қарайым тіліндетүшкіру деген мағыналарда, үсу сөзі түркімен, татар, башқұрт, алтай, хақас, чуваштілдерінде тоңу, қарайым тілінде суықтан дірілдеу, ноғай, қарақалпақ, хақас, тува,телеуіт, шор тілдерінде үсу, түркімен тілінде суу, тува, чуваш тілдерінде мелшию, түріктілінде салқындау деген ауыспалы мағыналарда, қарайым, қарағас тілдерінде суық тию,чуваш тілінде қорқыныштан үндемей қалу деген мағыналарда қолданылады.Кейбір түркі тілдерінде, оның ішінде түрік тіліндегі үсті сөзі, қарақалпақтіліндегі арқа сөзі, ұйғыр диалектісіндегі жоғары сөзі солтүстік деген синонимдік қатар,6

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!