13.01.2015 Views

2 не

2 не

2 не

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

тың, f-катпары. Сонымен актинийден кейінгі — торий, протактиний,

уран, нептуний, плутоний, америций, кюрий, берклий, калифорний,

эйнштеиний, фермий, менделевий, нобелий жэне лоуренсий

— актиноидтар деп аталады.

Ураннан кейін келетін ауыр (№ 93—104) элементтер ашыла

бастағанда, оларды периодтык системада орналастыру жайында

үлкен талас туды.

Ураноидтар теориясын жасаушылар ураннан кейінгі элементтердіц

барлығы да уранға ұқсас болуы керек, сондыктан олар

ураннан әрі қарай жазыла беруі тиіс деп санайды. 1969 ж. күзінде,

периодтык системаныц 1 0 0 жыл толуымен байланысты Ленинградта

болған, X. Менделеев съезіне келген Франция ғалымы

Гайсинский ураноидтар теоремасын колдап сѳйледі.

Актиноидтар теориясы. 1944 жылы 95 жэне 96-элемент

ашылған соц оларды орналастыру киындык туғызды; ѳйткені

оныц алдында алынған 93 элемент нептунийді ураннан кейін

жазғанда ол ренийдіц астына келеді екен, бірақ ренийге ешбір

ұксамайтындығы аныкталды. Нептунийден кейінгі элементтер

де сол сиякты болып шыкты. Сондыктан, 94—101 элементтерді

ашқан америка ғалымы Глен Сиборг актиноидтар теориясын

ұсынады. Ол теория бойынша актинийден кейінгі 14 элемент

(лантаноидтар сиякты) актиноидтар тобын түзуі керек. Біздіц

еліміздіц академигі А. А. Г р и н б е р г те осындай пікірде болған.

Ол уран VI Топка жазылмауы керектігін, ѳйткені уранньщ касиеттері

VI топтағы Cr, Mo, W ұксамайтындығын дәлелдеген.

Актиноидтар теориясы дұрыс болса, актиноидтар катарыныц

акыргы элементі 103 элемент болып шектелуі керек. 104 элементтіц

касиеттері периодтык системаныц IV тобыныц элементі — гафнийге

ұксас болуы керек деп жорамалдайды; ол 104 элемент

ѳзініц алдындағы 103, 102, 101 т. т. элементтерге ұксамауы тиіс.

Осы талас 20 жылга созылды. 1964 ж. курчатовий ашылып,

оныц касиеттері кѳп киыншылыкпен зерттелді. Курчатовий гафнийге

ұксас болып шыкты.

Сондыктан периодтык системада лантаноидтар мен актиноидтар

бѳлек косымша катар болып жазылады.

Актиноидтардыц касиеттері. Бұл элементтер

жаратылыста аз, кѳпшілігі жакында гана ашылғандыктан, олардыц

касиеттері жайындағы мэлімет те аздау болғанымен 64-

кестеде жинакталып келтірілді.

Актиноидтар ішінен уран, торий жэне протактиний табиғатта

бар заттар, олар ертерек ашылған. Қалған актиноидтар жаратылыста

жок (нептуний мен плутонийден басқасы) 1940 —61

жылдар арасында алынған элементтер.

Актиноидтар ішінде жете зерттелгендері торий, протактиний,

уран, нептуний жэне плутоний.

Актиноидтардыц барлығы да радиоактивті заттар. Осы себепті

бұлардыц химиялык қасиеттерін зерттегенде олар не ыдырап

кетеді, не ыдырауда бѳлініп шығатын бөлшектер зерттеп отырған

заттарға эсер етіп касиетін өзгертеді.

607

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!