15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Осы тармақ басқа аудармашылардың аудармаларында тағы да түрліше

пайымдалады, түрліше шешімін табады:

Ты хлынешь, сердца обжигая...(В.Державин) [ 4, с.56].

Волнением полнит тело... (М.Касаткин) [ 5, с. 58].

Избавляя от боли и мук... (А.Кодар) [ 6, с. 99].

Бір мағынаны тҿрт аудармашы тҿрт түрлі жеткізеді. Нақты салыстырмалы

талдау жасағанда, түпнұсқаның мағынасын тҿрт аудармашы да лайықты

аударып бере алмайды. Шақ, жақ категориялары да сҽйкес келмейді.

Лексикалық мағына деңгейінде де сҽйкестік жоқ. Л.Озеровтің аудармасынан

«Бізді толқуға мҽжбүр етеді» деген ойдың ҿзегі шықса, Державиннің

аудармасынан «Жүректі күйдіріп, баурайсың» деген мағына туады.

М.Касаткиннің аудармасынан «денемді толқуға толтырады» деген мағына

шығады. Бұларды Абайдың «шымырлап бойға жайылған» тармағының

баламасы ретінде қабылдау қиын. Абайдың тармағынан шығатын мағына бір

басқа: суретті, бейнелі, мағынаға бай. Аударма тармақтан шығатын мағына

бұған керісінше: сурет жоқ, бейне жоқ, мағына басқа. Қазақ ортасынан шыққан

А.Қодардың аудармасы туралы да осындай ой туады. Оның аудармасынан

туатын мағына мынадай: «Ауру мен азаптан құтқарып». Анығын айтқанда,

А.Қодардың аудармасы аудармадағы мағынаны ұлғайту тҽсілімен жасалынған.

Ағылшын тіліне Т.Боттингтің аудармасы:

You start your flight from a distance,

Impinging on the soul’s resistance

You penetrate all existence [ 7, р.167]

Мұны қазақ тіліне сҿзбе-сҿз кері аударғанда, мынадай мағына туады:

Сіз ұшуды алыстан бастайсыз,

Жанның қарсылығынан ҿтесіз,

Сіз барлық тіршілікке (болмысқа) жайыласыз (бойлайсыз).

Кері аудармада кҿрініс тапқан мағына аудармашының ойындағы немесе

аудармасындағы мағынаға толық сай келеді деп айта алмаймыз. Оның үстіне

Т.Боттингтің аудармасының ағылшын тілді оқырмандары мҽтіннен тыс,

мҽнмҽтінде ашылатын кейбір мағыналық реңктерді де түсініп, қабылдауы

мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Ҽйтсе де біз ұсынып отырған кері

аудармада Т.Боттингтің аудармасының негізгі мағынасы дұрыс берілген. Осы

тұрғыдан келгенде, Т.Боттингтің аудармасында түпнұсқаның мағынасы толық

кҿрініс таппаған. Ақынның поэтикалық ойы ағылшын тілді оқырманға дұрыс

жетпеген. Түпнұсқаның мағынасы ҿз оқырмандары үшін терең, айқын ҽрі кҿп

қырлы. Аталмыш аудармада мұндай тереңдік, айқындық, кҿп қырлылық жоқ.

Бұл аудармашының түпнұсқа туындыны қабылдауының, түсінуінің деңгейіне

10

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!