15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

жеткізу үшін ҿзінің ана тілінде тура түпнұсқадағыдай эмоционалды ҽсері бар

күрделі жҽне жанды байланысты орнатуы қажет. Сонымен бірге аудармашы

автордың поэтикалық даралығын жоғалтпай, интонациясын, ырғағын,

ұйқасын, тіл ерекшелігін сақтай отырып аударуы керек. Ефим Эткинд: «Поэзия

– ұлттық тілдің тіршілік етуінің ең жоғары формасы. Поэзия

шығармашылығында халықтың рухы – оның тарихы жҽне мҽдени дамуының,

мінез бітімінің ерекшелігі барынша толық кҿрінеді. Басқа халықтың поэзиясын

түсіну басқа ұлттық мінезді, басқа мҽдениеттің сезім ҽлемін түсіну деген сҿз», -

дейді [26, с.3].

Профессор Ҽ.Тарақов поэзия аудармасына тҽн мынадай ерекшеліктерді

айқындайды: «Поэзия аудармасында ең алдымен кҿзделетіні – сҿз, содан кейін

поэтикалық мазмұн. Поэзия аудармашысы сҿздің мҽн-мағынасын,

дыбысталуын, образдылықты, синтаксистік жҽне стилистикалық құрылымын

(элементтерін) дұрыс жүйелеп, саралай білуі арқылы түпнұсқаның

кҿркемділігіне, ырғақтық-ҽуездік сҿз үйлесімділігіне, мағыналық толық

қуатына жеткізуге ұмтылады. Нағыз классикалық ҿлең дҽрежесіне жеткізу –

аудармашы талантының шыңы» [27, 163б.].

Академик З.Ахметов: «Поэзиялық шығармада ойдың, сезімнің

мағыналылығымен қоса бейнелілігінің, кҿркемділігінің мҽні зор. Ҽр сҿздің

мазмұны – мағынасымен бірге ырғақ-ҽуезділігі де оқушыға үлкен ҽсер етеді.

Сҿз ҿнеріне, ҽдеби шығармаға тҽн ойдан шығару, ҽсірелеу, кҿркемдік

шарттылық та поэзияда ҿзінше сипат алатын»,- дейді [28, 216б.]. Осының бҽрі

поэзия шығармаларын аударудың оңай емес екенін білдіреді. Абай сияқты ұлы

тұлғаның шығармаларының аудармасы адамзаттың рухани мҽдениетін байыта

түсетіндігі, оқырмандардың дүниеге кҿзқарасын кеңейтіп, эстетикалық сана

сезімін тереңдететіні мҽлім. Аудармашы ҿзінің аудармасында лайықты сҿздер

арқылы осы кҿзқарасты, ұғымды ҿз деңгейінде бере білуі шарт. Сондай-ақ,

образдылықтың «пластикалық емес» түрлері де бар: лирикалық кейіпкердің,

баяндаушының психологиялық ойлары [29, 216б.].

Образ ҽртекті құбылыстарды бірбүтінге айналдырып, бірін екіншісіне

ауыстырып, біреуі арқылы екіншісін кҿрсетеді. Образ белгілі бір ұғымды

қабылдауды жеңілдетіп немесе қиындатып, белгіліні белгісізбен, белгісізді

белгілімен түсіндіре алады. Образдың мақсаты сҿз арқылы заттың табиғатын

ҿзгерту, толықтыру, байыту, жҽй затты күрделіге, күрделіні жҽй затқа

айналдырып, екі полюстің арасында ең жоғарғы мағыналық жҽне кҿркемдік

қуатқа қол жеткізу, болмыстың ҽрқилы кҿріністерінің ҿзара тығыз тоғысуын

анықтау. Образда заттық жҽне мағыналық қатарлар, сҿздік бейнелеу мен оның

астарындағы ой тоғысады. Аудармашы сҿзді жалаң, жадағай, басқаша айтқанда,

сҿзбе-сҿз аудармай, оның осындай мағыналық қырларын, ішкі табиғатын жете

білуге міндетті.

Образдың түпнұсқадағы жҽне аудармадағы мҽнін тереңірек түсіну үшін

оларды «бірнеше қабықшалармен қоршалған ядро түріндегі белгілі бір

құрылымдық модель» деп қарастырып кҿрейік. Ядро шығарманың тақырыбы

39

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!