15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Баракаси кетган эл

Суви сассиқ, ботқоқ кул.

Кушлар қанқаб еқалаб,

Бола очмас сира ул [60, 34 б.].

Абайдағы «Суы ашыған батпақ кҿл» деген жол ҿзбек тілінде «суы сасық,

батпақ кҿл» деп аударылған. Жоғарыда атап ҿткеніміздей, «берекесі кеткен ел

— суы ашыған батпақ кҿл» – ақынның жаңалығы. Жалпы алып қарасақ, «суы

ашыған баптақ кҿл» мен «суы сасық батпақ кҿл» бір ұғым сияқты. Ал осы

ұғымды ұлттық, діни таным тұрғысынан қарастырар болсақ, қазақта дүниенің

тҿрт негізі болып табылатын от, топырақ, су, ауаға байланысты да тыйым

сҿздер ҿте кҿп. Ҿйткені оларсыз тіршілік жоқ. Су – Алла тағаланың жан

иесіне жасаған сыйы. Сондақтан болса керек, қазақ халқы ешқашан суды жаман

демеген, оған қатысты жаман сҿз де айтпаған. Суға деген адамның ниеті дұрыс

болса, ол су ешқашан бұзылмайды деген сенімде болған. Халқымыздың «Суға

түкірме», «суға дҽрет сындырма» сияқты тыйым сҿздері - осының дҽлелі.

Абайдың «сасық су», «иістенген су» демей, «ашыған су» деп отырғаны да осы

түсініктен туындаса керек.

Ал татар тіліне Н.Арсланның аудармасы:

Бҽрҽкҽтҽ киткҽн ил-

Суы тынчу баткак күл.

Киек казлар, коенып,

Жыя алмас анда түл [8,78б.].

Татар тіліндегі нұсқада аудармашы «ашыған суды» «тынжық су» деп

алыпты. Бұл – аудармашының ізденісін байқатады, яғни «ашыған суды»

Абайдың бекер қолданып отырмағанын, мұның астарында ұлттық таным

жатқандығын аудармашы аңғарса керек. Ал түпнұсқадағы «құс қаңқылдап,

жағалап» деген жолды аудармашы «жабайы қаздар шомылып» деп аударады.

Ақын «Құс қаңқылдап, жағалап» деп жазғандықтан, ҽрі қаңқылдайтын,

жағалайтын құс қаз болар деп ойласа керек, аудармашы «жабайы қаздар

шомылып» түрінде беріпті. Сондай-ақ, соңғы «Сулай алмас жазғы тҿл» жолын

аудармашы «Жия алмас онда тҿл» деп аударады. Ақын «сулай алмас жазғы

тҿл» деу арқылы ашыған судың жазғы тҿлдің де мейірін қандыра алмас

пайдасыз болып қалғандығын, яғни берекесіз елдің де осындай кейіпте

екендігін айтқысы келсе керек.

Ұйғыр тіліне Учкуннің аудармасы:

Бҽрикити кҽткҽн ҽл-

Суйи сесиқ патқақ кҿл.

Қушлар ҽгип қақилдап,

Су ичҽлмҽс язғи тҿл [62, 60б.].

80

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!