15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Алыстан сермеп,

Жүрҿктү термеп,

Чымырап бойго жайылган [11, 62 б.].

Қырғыз тіліндегі аударма түпнұсқамен толық сҽйкес келеді. Себебі

аудармашы аударылып жатқан тілдің графикалық ерекшеліктерін сақтай

отырып, түпнұсқаны транскрипциялау арқылы берген. Транскрипциялаудың

ұтымды жағы ҿзге тілдің ерекшеліктерін «ҿзінікі» етіп шығарады, ҽрі

аударып отырған түпнұсқа тілінің ерекшеліктерін сақтап қалады.

«Сегіз аяқтың» келесі шумағында Абайдың белгілі бір сҽттегі сезімі,

кҿңіл күйі, толғанысы да айқын кҿрінеді. Аудармада Абайдың сезімін дҽл сол

қалпында жеткізу оңай емес, дегенмен де аудармашылар шамалары келгенше

түпнұсқаның мағынасын, эмоциялық мазмұнын лайықты беруге ұмтылған.

Ақын халық жағдайының түзеліп, жақсаруына тағы да жол кҿрсетіп, ақылын

айтады, бірақ айтылған сҿздерді тыңдайтын құлақ, ұғатын сананың жоқ екенін

кҿргенде, кҿңілі қалып, жалғызсырайды, сырласарға, мұңдасарға жан таппай

күйзеледі. Мысалы түпнұсқада:

Жартасқа бардым,

Күнде айғай салдым,

Онан да шықты жаңғырық.

Естісем үнін,

Білсем деп жҿнін,

Кҿп іздедім қаңғырып.

Баяғы жартас – бір жартас,

Қаңқ етер, түкті байқамас [2, 92б.]

Орыс тіліне Л.Озеровтың аудармасы:

Я с утеса кричал,

Мне простор отвечал –

Отвечали горы и дол.

Но, услышав звук,

Я искал вокруг:

Как, откуда тот звук пришел?

Был все тот же утес подо мной, -

Отклик есть, но отклик пустой (Л.Озеров) [3, 74 б.].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Мен жартастан айқайладым

Маған жазық жауап берді -

Таулар мен аңғарлар(алқап) жауап берді.

Бірақ дауысты естіп,

Мен жан-жақтан іздедім:

Қалай, қайдан сол үн келді?

14

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!