15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Қайғы келсе, қарсы тұр құлай салма,

Бақыт тапсаң, шектен шығып, асып-таспа.

Жүрегіңнің түбіне терең бойлап,

Бойыңдағы қасиетіңді елемей қалма.

Абайдың үлгі-ҿсиет түрінде жазылған 11 буынды қара ҿлеңін аударуда З.

Исмаил ҿлең ҿлшемдерінің талабын мұқият ескерген сияқты. Яғни, ...olma, ...

olma, ... bak, ...atma деген соңғы сҿздердің ҿзара ұйқасып, ааба үлгісі түрік

тіліндегі аудармада да сақталған. Аудармашы ақынның жалпы айтар ойын

түсінген, ең бастысы «жүрегіңнің түбіне терең бойлау» керектігін ҿзге тілде

сҿйлете алған. Жалпы аударма түпнұсқамен сҿзбе-сҿз сҽйкес келуі міндетті

емес, бұл туралы аударма ҿнерінің шебері М.Т. Цицерон ҿзінің аударма туралы

ойларында түпнұсқаны сҿзбе-сҿз емес, сҿздердің мағыналарын, бейнелілігін,

кҿркемдік-эстетикалық қуатын сақтап аударудың қажеттілігін айтқан.

Татар тіліне Ҽ. Исхактың аудармасы:

Кайгы килсҽ, гел каршы тор, башың имҽ,

Шатлык килсҽ, аңа артык күңел бирмҽ.

Йҿрҽгеңнең эченҽ кер, тҿбен күзҽт,

Табарсың чын асыл ташны тикшул жирдҽ [8, 151б.].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Қайғы келсе, кел қарсы тұр, басың име,

Шаттық келсе, оған артық кҿңіл берме.

Жүрегіңнің ішін кҿр, түбін күзет,

Табарсың шын асыл тасты тек сол жерде

Ҽ.Исхактың татар тіліндегі аудармасында мазмұн, ой желісі

сақталғанымен, ҿлеңнің кҿркемдігі тұрғысынан кемшіндеу түсетіні байқалады.

Ал Абай ҿлең құрылысында эвфонияға, яғни, дыбыс ҽуезділігіне, үн үйлесіміне

қатты назар аударған. Оның ҿлеңдерінде бір тармақ бойындағы сҿздердің

біркелкі дыбысталудан басталып отыруы жиі кездеседі. «Қайғы келсе қарсы

тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме», – деген жолдардағы

аллитерация ҿлеңді оқуды жеңілдетеді, сҿздердің бір-бірімен жымдасуына

жҽрдемдеседі, сол арқылы ҿлеңнің ырғақтық кұрылымын түзуге ҽсер етеді.

«Оңғаққа ерме» дегендегі «оңғақ» сҿзінің мағынасы «айнығыш, ҿзгергiш,

тұрақсыз» дегенді білдіреді. Ал татар тіліндегі аудармада бұл «Шаттық келсе,

оған артық кҿңіл берме», – деумен шектелген. Абай: Жүрегіңе сүңгі де, түбін

кҿзде, , – десе Ҽ. Исхак: Жүрегіңнің ішін кҿр, түбін күзет, - дейді. «Кҿздеу»

мен «күзету» екі басқа ұғым. «Демек, «Жүрегіңе сүңгі де, түбін кҿзде, Сонан

тапқан-шын асыл, тастай кҿрме ,– деп сыр айту, сыр ғана емес, зар-

97

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!