15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

«Достық, қастық барша қызық – жүрек ісі, Ар, намыстың бір ақыл –

күзетшісі», деген ҿлеңнің алғашқы жолдары дҽлме-дҽл аударылса, «Ар мен

намыс келіспесе шаруасына, Намыспенен асар ҽркім мҽртебесі» деген

жолдарды сҽтті аударылған жолдар деп айта алмас едік. Ақынның «ар мен ұят

сынбаса» деген тосын ҽрі тың қолданысы ҿлеңге ҿзгеше мҽн берген.

Күнделікті қолданыстағы «ар-ұяттан айырылса» немесе «ар-ұятын жоғалтса»

демей, ақын дерексіз ұғымдарға деректілік сипат дарытады. Алайда, ақындық

осы дербес ізденіс аудармалардың ешқайсысынан кҿрініс таппаған.

Ҿзбек тіліне Р.Абдурашидовтың аудармасы:

Юрак иши дустлик хам, душманлик хам,

Ор - номусга соқчи булар ақл хар дам,

Ор, уятни менсимасни бизнинг элда

Мартаба деб билар катта-кичик одам үлкен кіші адам [78, 93б.].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Жүрек ісі достық та дұшпандықта,

Ар намысқа ақыл сақшы ҽрқашан.

Ар ұятты менсінбей біздің елде,

Мҽртебе деп бұны білер ҽр адам.

Аударманың алғашқы екі жолы түпнұсқадағы оймен ҿзектес болса, кейінгі

жолдар ақын тарапынан талқыланып, адамның бойындағы надандық,

менмендік сияқты жат қылықтарды міней айтқан ойға ұласқан.

Адасқан күшік секілді

Ұлып жұртқа қайтқан ой

Ҿкінді, жолың бекінді,

Ҽуре болма, оны қой [2,51б.].

«Ақын мұнда халықтың жеңіл мағынада қолданып жүретін тілдегі

метафорасын терендетіп, қорғасын құйғандай салмақ бітіріп қолданады», -

дейді М. Ҽуезов. Кҿпшілік тіліне «Адасқан күшік» деген сҿз болымсыз ғана

шындықтай, сҽл күлкі күйдей танылса, Абайда сол күлкілік күймен қатар,

екінші сипат – трагедиялық жҽне философиялық мҽн-мазмұн табады. Күшіктің

айласыз, ҽлсіз дал болуын кҿшіп кеткен ауылдың иесіз қалған жұртымен

байланыстырып барып, ақын ҿз басының ендігі мұңын соған теңейді. Кҿңілдің

жұртынан, үміт пен арманның ҿрісінен кҿпшілік тірлігі, халық кҿші аулақ кетіп

жатыр. Сондықтан бұның азалы ойы адасады. Үнін ешкім естімес, шерменде ой

трагедиялық күйде, ұлып жүріп зарланады. Жалғыздықтың ҿз басына түсетін

шерлі шындығын Абай кейде осындай шеберлік тереңдіктен толғайды» [81,

164б.].

104

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!