15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

жолдарының соңы ор, қор, зор болып ұйқасуы арқылы құлаққа жағымды

ерекше эмоциялық реңк береді. Бұл ұйқас ақын ҿлеңінің қырғыз тіліндегі

аудармасында да берілген.

Қырғыз тіліне А.Токомбаевтың аудармасы:

Жаман татуу ҿзүңҿ даярдайт ор,

Ага ишенсең бир күнү болсуң кор.

Ары бар, уяты бар улууга ишен,

Ҿзү чондун ийни да болотко зор [11,33], –

деп «Жаман тату қазады ҿзіңе ор» жолын «Жаман тату ҿзіңе даярлайды ор»

деп «қазады ор» дегенді «даярлайды ор» деген етістікпен алмастырады. Алайда,

қазақта «Біреуге ор қазба, ҿзің түсерсің», т.б. мақал-мҽтелдерде кҿрініс

тапқанындай, «ор қазу» етістігі жиі қолданылады. Ал «ор даярлау» тіркесі

мүлде қолданылмайды деуге болады. Ҿлеңнің келесі жолдарындағы «Оған

сенсең бір күні боласың қор» дегенді «Ағаға сенсең, боларсың бір күні қор» деп

аударған. Ҿлеңде «жаман тату» дегеннің нақты кім екендігі айтылмаған. «Ары

бар, ұяты бар үлкенге сен, Ҿзі зордың болады ығы да зор», – деген ақын осы

сҿзімен жай зорды емес, ар-ұяты бар зорды үлгі етеді. Аудармашы осы

жолдарды «Ары бар, ұяты бар үлкенге сен, ҿзі үлкеннің інісі де болады зор», –

деп «Ағасы бардың жағасы бар» мағынасында аударған.

Ҿзбек тіліне У.Уринбаевтың аудармасы:

Емон дустлик қазийди узингга гур,

Ишонсанг унга, бир кун буларсан хур.

Ори бор, уяти бор зурга ишон,

Узи зурнинг булади химмати зур [60, 82б.].

Абай «Жаман тату қазады ҿзіңе ор» деген жолдарында «жаман тату» сҿзі

арқылы «жаман дос» ұғымын астарлай берсе, ҿзбек тіліндегі аудармада

«Жаман достық ҿзіңе қазады ор» деп тура мағынасында аударылады. Ҿлеңнің

соңғы жолындағы «Ары бар, ұяты бар» қолданысы ақынның «Ары бар, ақылы

бар, ұяты бар, Ата-ананың қызынан ғапыл қалма», т.б. түрінде жиі кҿрініс

табады. Ҿлеңнің соңғы жолдарын аударуда аудармашы «Ары бар, ұяты бар

күштіге сен, ҿзі күштінің болады адамгершілігі зор» деп еркін аударма жасаған.

Ҿлеңді аударуда ақын буын, ұйқас жүйесін сақтаған. Абай

шығармашылығында Ар, Намыс, Ұят – ең негізгі ұғымдар.

Ақын ҿлеңдерінің ағылшын тіліндегі нұсқасын талдау барысында мынадай

жағдайларды байқадық: ағылшын тілінде сҿйлемдегі сҿздер ҿздерінің орын

тҽртібі бойынша орналасады. Ағылшын тіліндегі сҿздердің орын тҽртібі

мынадай үлгіде жасалады: алдыменен ҽңгіме болып отырған зат, одан кейін ісқимыл,

одан соң нысан кҿрсетіледі, соңында болып жатқан іс-ҽрекеттің

шартын кҿрсететін пысықтауыш орналасады. Ағылшын тілінде жалғау

135

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!