15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

потенциал деп аталынады. А.Кодар бұл тармақты мынадай үлгіде аударады: «В

крови и обжорстве не день и не год» [6, с.91]. Түпнұсқадағы ойлар бұл жерде

де үлкен ҿзгерістерге түскен. Аудармадағы «в обжорстве не день и не год»

деген тіркес мүлде орынсыз. Ақын ешқандай мезгілдік мағынасы бар ой

қозғамаған: күн туралы да, жыл туралы да ұғым жоқ. Түпнұсқада жоқ ұғымды,

жоқ түсінікті, жоқ ойды аудармаға алып келу, автордың ақындық ҿнеріне,

даралығына кҿлеңке түсірген. Яғни, түпнұсқа мен аударманың лексикалық

құрамы мен синтаксистік құрамы да, мазмұны да біз сүйеніп отырған

эквиваленттік деңгейлерге сҽйкес келмейді. М.Сильченконың жолма-жол

аудармасында бұл тармақ былай берілген: «На одной щеке у тебя кровь, на

другой масло»[49, с.63]. Аудармашы тармақтың мағынасын жеткізе алғанмен,

экспрессивті-эмоционалды мағынасын түпнұсқадағыдай ҽсерлі,

түпнұсқадағыдай суретті, терең мағыналы деңгейде аша алмаған.

Түпнұсқадағы «бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың» деген тармақты

Р.МакКейн былай аударады: Now you have blood on one cheek and grease on the

other [22, р.242]. Тармақты орыс тіліне сҿзбе - сҿз кері аударғанда, мынадай

мағына белгілі болады: «и сейчас у тебя кровь на одной щеке, а жир на другой».

Ричард МакКейннің аудармасы сатылы түрде М.Сильченконың аудармасы

негізінде жасалған: тармақ сҿзбе-сҿз М.Сильченконың аудармасымен сҽйкес

келеді.

Осы фразеологиялық бірлікті Абай «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы

сергек» ҿлеңінде ҿз тарапынан ҿзгерткен, мағыналық тұрғыдан күрделендірген.

Бірақ фразеологизмнің табиғаты сақталған. Ҿлең мҽтінінде бұл ақынның

ҽділдік пен адалдық жҿніндегі концепциясын тереңірек танытуға қызмет етеді.

Д.Бродский бұл тармақты мынадай үлгіде аударады:

Мудрый зорко проникает в глубь вещей,

Расщепляет волос на сорок частей [20, с.30].

Аударма түпнұсқаның мазмұнын белгілі дҽрежеде жеткізіп тұр. Оны жоққа

шығара алмаймыз. Бірақ сҿз арасында артық, бҿгде сҿздер бары байқалады.

Олардың ҿлең мазмұнын ашуға кедергі келтіріп тұрмағанын жоққа шығаруға

болмайды. Бірақ артық, бҿгде сҿздер түпнұсқа табиғатына, автордың

шығармашылық даралығына ҽсерін тигізбей қоймаған. «Ақылды қара қылды

қырыққа бҿлмек» деген бір тармақ Д.Бродскийдың аудармасында екі

тармақпен берілген. Аудармадағы «зорко проникает в глубь вещей» («істің

мҽнін жете ұғыну») - аудармашының ҿз жанынан қосқан сҿздері. Түпнұсқада

мұндай тіркестер беретін ұғым жоқ. Түпнұсқада «қара қылды қырыққа бҿлу»

туралы айтылады. Д.Бродский болса «қара қылды» емес «шашты» бҿледі. Қыл

мен шаштың арасында айырмашылықтар бар екені белгілі. «Қазақ тілінің

түсіндірме сҿздігінде»: «Қыл - жалдың, құйрықтың жіңішке ҽрі ұзын бір талы.

Шаш - адамның бас терісіне шығатын жіңішке ҽрі қалың қыл» деген анықтама

берілген [45, 908б.]. Қазақша-орысша сҿздікте «қыл» сҿзі «волосы (хвоста и

гривы лошади)» деп аударылған [50, 274б.]. Д.Бродскийдың аудармасында

61

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!