15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Л.Озеровтың бірінші тармағының кері аудармасы «егер ой соқыр болса

немесе ой болмаса» болып шығады. Түпнұсқадағы «қайрат» жоқ, оның орнына

«мысль» деп екі рет қайталаған. Екінші тармақтағы «При себе ты оставь свой

бред!» деген жолда интонация кҿтеріліп, ақын ұрысып, ашуланып айтып

отырған секілді. Түпнұсқадағы ақынның «айтпа сҿзі» аудармада

«сандырақтама» болып отыр. Ақынның «айтпа сҿзі» «үндеме, артық сҿйлеме»

деген мҽнде қолданылған, сондықтан аудармашының «бред» емес, орыс

тіліндегі қарапайым «молчи» деген сҿзді қолдануына да болар еді.

Т.Боттингтің аудармасы:

Such lapses in logic and absence of will

Let them serve as a warning – don’t talk, tongue, be still [7, р.167].

Т.Боттингтің алғашқы тармағының кері аудармасынан «Логикасы

жетілмеген жҽне қайраты жоқ» деген мағынаны кҿреміз. Аудармашы «ой»

сҿзіне «логиканы» балама етіп алған. Дегенмен, аудармашы түпнұсқадағы

объективті мағынаны сақтаған. Бірақ, түпнұсқаның пішіні айтарлықтай

дҽрежеде ҿзгерген. Аударманың ҿлеңге тҽн ырғағы, композициясы жоқ.

Аудармадағы идеялық-эстетикалық дейгейге назар аударайық. Бұл деңгейді

зерттеудің мақсаты мҽтіндегі автордың астарлы ойын ашу. Мҽтіннің идеялық

эстетикалық ақпаратын игеру үдерісі кезінде бұл деңгейді жазушы үшін (түпкі

ойы, идея) бастапқы, ал оқырман үшін (ұғыну) соңғысы деп қарастыруға

болады. Мысалы, Абайдың тҿмендегі ҿлеңінің идеялық эстетикалық деңгейі

сақталмаған.

Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,

Жас балаша кҿңілді жақсы уатар [2, 37б.].

А.Гатовтың аудармасы:

Убаюкает сердце она,

Укачает его, как дитя, на руках [3, с.45].

Түпнұсқада «жас балаша» деген теңеу ҿлеңге қатысты қолданылған.

Ҿлеңнің жас балаша кҿңілді жұбататындығы туралы айтылады. Орыс тілінде

ҿлеңнің мазмұны бұзылған. Аудармашы «жүрек» деген образды қосып, ҿлеңкҿңілді

емес, жүректі жұбататын болып шыққан.

Ағылшын тіліне Т.Роттенбергтің аудармасы:

Creating a mood of joy and of sadness.

Balm to the soul, like a little child’s word [7, р.96].

Т.Роттенбергтің аудармасын қазақ тіліне кері аударатын болсақ: «ҿлең жас

баланың тілі сияқты кҿңіл жұбатқыш» деген мағына пайда болады. Түпнұсқада

33

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!