15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

лингвостилистикалық, лингвокультурологиялық сипаттама берудің

артықшылығы жоқ. Ал енді осы секілді тілдік бірліктердің қырғыз, татар, ҿзбек,

ұйғыр тілдеріндегі аудармаларының лексикалық-семантикалық баламалылығы

деңгейін анықтау - ҿз алдына бір үлкен мҽселе.

Ақын поэзиясында теңеудің кҿптеген түрлері бар. Абайдан бастау алған

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бҿкен қабақ»;

«Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті»; «Шапқан атқа жеткізбес бҿкен желіс»

сияқты теңеулермен қоса ақын шығармаларында адамдардың ҿмірі мен

қылықтарындағы жағымсыз жайларға ҿкініш білдіргенде айтқан теңеудің басқа

түрлері де кездеседі. Солардың бірі осы ҿлеңдегі «биттей қорықпақ» теңеуі.

Ақын ҿте кішкентай, зҽредей деген мағынаны беруде «Биттей» теңеуін

қолданады. Осы теңеу Абайдың 23 қара сҿзінде де кездеседі: «Біздің қазақтың

қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан

иті ҿзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады.... Мұның бҽрі - қазақтың

қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нҽрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған

болып, ана ҿзгелерді ызаландырсам екен демек». Сондай-ақ, ақынның «Евгений

сипаты» аудармасында да «Биттей бойы босаса, сезер сонда, Жастық жеңіп,

кҿңілді шайқағанда», - деп «биттей» теңеуін қолданған екен. Енді осы ҿлеңнің

аудармаларына назар аударайық:

Татар тіліне Н. Арсланның аудармасы:

Адашканның алды - юл, арты-сукмак,

Аның юлы – йҿрү харам эшне хуплап,

Түшен кагар малга ия кешесыман,

Уйда да юк яманлыктан калу туктап [8, 28б.]

Қазақ тіліне сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Адасқанның алды – жол, арты соқпақ,

Оның жолы – харам істі жүру қолдап.

Тҿсін қағар, малға ие адам ұқсап,

Ойда да жоқ жамандықтан қалу тоқтап.

Аудармашы ҿлеңнің жалпы мазмұнын ашатын тілдік бірліктерді қолдана

отырып, ақын ойын оқырманға дұрыс жеткізе алған. Ҿлеңдегі буын, бунақ,

ұйқас тҽртібі сақталған. Алайда, «адасқанның алды жҿн» беретін мағына мен

«адасқанның алды жол» беретін мағынада айырмашылық бары анық. Егерде,

татар аулармашысының аудармашылық шешіміне сҽйкес, «адасқанның алды -

жол» деп айтар болсақ (жҿн – жол), онда аударма мағынасы мен түпнұсқа

мағынасы арасында лингвистикалық та, лингвокультурологиялық та

қайшылыққа тап болар едік. Лингвистикалық тұрғыда татар аудармашысы

таңдаған «жол» Абай айтып отырған «жҿн» сҿзінің лексикалық мағынасын бере

алмайды. Ҿлеңнің соңғы екі жолындағы «Қас маңғаз, малға бҿккен кісімсініп,

Ҽсте жоқ кеселді істен биттей қорықпақ», – деген жолдардағы ақынның ащы

92

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!