15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

жҽне кҿркемдік композициялық тҽсілдердің кҿмегімен пайда болатын ақиқат

шындықтың кҿркем тұрғыда игерілген сипаты». Образдың екі маңызды

бҿлшегі бар: заттық жҽне мҽндік, айтылған сҿз жҽне астары жҽне олардың

ҿзара қатынасы. Осылайша образдардың мынадай үш түрлі классификациясы

пайда болады: заттық, жалпы мҽндік, құрылымдық [24, 76б.].

Образдың заттылығы бірнеше қабаттарға бҿлінеді. Бірінші қабатқа

эстетикалық ұсақ бірліктер, образ-детальдар жатады. Образ детальдардың

кҿлемі ҽртүрлі. Олар құбылысты бір сҿзбен немесе құбылыс ауқымды болса

бірнеше сҿзбен кеңінен суреттейді. Мысалы, пейзаж, портрет, интерьер. Бұл

айтылғандардың ерекше қасиетіне – статикалық, сипаттамалық, фрагменттік

қасиеттерді жатқызуға болады. Осыдан кейін шығарманың екінші образды

қабаты пайда болады. Бұл барлық заттық құбылыстарды біріктіретін

мақсатты ҽрекетке ие фабулалы қабат ішкі жҽне сыртқы қимыл образдарынан

тұрады. Мұнда кҿркем шығармадағы динамикалық сҽттер - ҽрекет, кҿңіл күй,

талпыныс қамтылады. Үшінші қабат ҽрекеттерге құрылатын қақтығыстар,

коллизия, жағдаяттар пайда болатын шығарманың заттан тыс концептуалды

қабаты, мұнда жазушының болмысты қалай ұғынып, қабылдайтындығы

танылады.

Характерлер мен жағдайлар образдарының байланысы нҽтижесінде тағдыр

мен ҽлемнің тұтас образы пайда болады: бұл жалпы болмыстың образы, оны

суреткер ҿзінше түсінеді жҽне кҿреді.

Мҽндік жиынтығына қарай (смысловой обобщенность) образдар дара, сипатты,

типтік, образ мотивтер, топос, архетип болып бҿлінеді.

Дара жҽне дараландырылған образдар суреткердің ҿзіндік қиялынан

туындайды. Мұндай образдар ҿздерінің қайталанбайтындығымен жҽне

сонылығымен ерекшеленеді.

Сипатты образ қоғамдық-тарихи ҿмірдің заңдылықтарын ашып, сол орта

мен кезеңде орын алған ҽдет- ғұрып пен дҽстүрді суреттейді.

Типтілік бұл сипаттылықтың ең жоғарғы деңгейі. Сол кезеңнің нақты

тарихи, ҽлеуметтік ерекшеліктерін суреттеп шегіне жеткеннен кейін, адам

болмысының тұрақты жҽне ҿмірлік қасиеттерін ашып, жалпы адамзатқа тҽн

белгілерді сипаттайды.

Жоғарыда кҿрсетілген образдың түрлері (дара, типтік) бір нақты

шығарманың шеңберінде бір автордың шығармашылық туындысы болып

табылады.

Образдың келесі түрлері (мотив, топос, архетип) «бейнеленген» нақты

тарихи мазмұны бойынша емес, шартты, мҽдени қалыптасқан жҽне бекітілген

форма негізінде жинақталады. Сондықтан олар бір нақты шығарманың

шеңберінен шығатын ҿзіндік қолданыстың тұрақтылығымен сипатталады.

Образдар пҽндік, мҽндік, сҿзбен берілген, астарлысияқты құрылымына

қарай «автологиялық» жҽне «металогиялық» болып бҿлінеді. Автологиялық

образдың ҿзіндік мҽні жоғары болады, ал металогиялықта мұнда бҿлшек

бүтіннен, заттық руханидан, үлкен кішіден сияқты сҿзбен берілген образ

43

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!