15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

ҚОРЫТЫНДЫ

Аударма адамзаттың рухани қарым-қатынасының негізгі құралдарының

бірі, ҽдебиеттер мен мҽдениеттер арасындағы рухани кҿпір. «Аударма бүгінгі

заманда адам қызметінің барлық қырын қамтып, халықтар арасындағы рухани

жҽне материалдық алыс-берісті жүзеге асыра отырып, халықтардың ҿмірін

байытады, адамдардың ҿзара түсіністігіне септігін тигізеді» [95, 3б.]. Расында

Гете, Пушкин, Лермонтов шығармалары қазақ даласында сҿйлегенде қазақ

мҽдениеті мен тілі рухани тұрғыдан толығып, оқырмандардың поэзияға деген

қызығушылығын арттыра түсті. Ал, Абайдың мазмұны терең мұрасы ҿзге

ұлттың тілінде барлық бояуы, кҿркемділігі, мағынасы, мҽні сақталып

аударылса, сол ұлттың ҽдебиеті одан бетер байи түсетіні сҿзсіз. Абайдың ҽдеби

мұрасы – біздің ҽдебиетіміз бен мҽдениетіміздің ғасырлар бойы маңызын

жоғалтпайтын рухани қазынасы. Жылдар ҿтіп, заман ҿзгергенімен бұл қазына

ҽр кезең үшін ҿзінің жаңа қырларымен ашылып, жаңа ғылыми жаңалықтар

пайда болып жатқанының куҽсі болып келеміз. Ұлы Абайдың ҽдеби мұрасы

сарқылмайтын бұлақ десек те болады. Ақынның шығармаларын қайтара оқыған

сайын сҿздерінің астарынан жаңа мҽн, жаңа мағына тауып жатамыз.

Аударматанушы, ғалым Н.Сағындықова: «Абай – қазақтың бас ақыны. Оның

шығармаларында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, дүниетанымы,

ойлау ерекшелігі, күйіну, сүйіну сипаты, сҿйлеу мҽдениеті мейлінше терең

кҿрініс тапқан. Сондықтан, Абайды орыс тіліне аударамын деген жанның орыс

ақыны немесе орыс тілді ақын ғана болуы жеткіліксіз. Ол алдымен Абай

деңгейіндегі ақын болуы шарт» [96, 229б.] – деп Абай шығармаларын ҿзге

ұлттың тілдерінде танытудың маңызды екендігіне назар аудартады. Ақынның

ҽлем тілдеріне аударылған ҽдеби мұрасына баға беріп, ғылыми тұрғыдан

саралау біздің зерттеуіміздің ҿзекті ҽрі ғылыми сұранысқа ие тақырыпқа

арналғандығын байқатады. Сондықтан да диссертациялық жұмысымызда Абай

аудармаларына қатысты ой тұжырымдарды жүйелеп, түпнұсқа мен аударма

мҽтінді аударматанудағы салыстырмалы-салғастырмалы талдау ҽдісі арқылы

қарастырып шықтық. Зерттеу жұмысымызда ақынның поэзиясы кҿп

талданады. Себебі, Абай шығармашылығының негізін поэзия құрайды жҽне

оның ҿлеңдерінің тақырыптық аясы кең, мазмұны терең. Бұл ойымызды

А.Нұрқатовтың мына пікірімен дҽлелдегіміз келеді: «Абай творчествосының

салмағы оның поэзиясында. Оның шығармаларының дені лирикалық ҿлеңдер

болып келеді. Ол ҿзінің үздік таланты мен асқан шеберлігін сол лирикалық

шығармаларында ҽсіресе жарқын танытты. Абай лирикасының аясы мол,

тақырыптық қамтуы кең, қай тақырыпқа жазса да, Абай ҿзінің лирикалық

шығармаларында қазақ даласында оған дейін естілмеген ойлы да сырлы сҿзін

айтты, жҽне оны мейлінше жаңа түрде айтты» [97,182 б.].

Ақын ҿлеңдерінің орыс тіліндегі аудармаларында, аудармашы ақын

ойының жүйесін ҿзгертіп, мҽтіннің мағыналық құрылымын ҿздігінше құрады,

түпнұсқада айтылған басты ойға мҽн бермей, керісінше қосалқы мағынада

138

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!