15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

қайшы істерге баспаған ақын есейген жылдарында: «Малда да бар жан мен тҽн,

Ақыл сезім болмаса, Тіршіліктің несі сҽн, Тереңге бет қоймаса?» дей келіп,

«Ақыл мен жан – мен ҿзім, тҽн менікі. «Мені» мен «менікінің» мағынасы екі.

«Мен» ҿлмекке тағдыр жоқ ҽуел бастан, «Менікі» ҿлсе ҿлсін, оған бекі» –

деген тоқтамға келеді. Абай «ҿзекті жанға бір ҿлім бар екендігіне бойұсынады.

Ҿлімнен қашып, ҿзге жол іздемейді. Тек қызыл-жасыл қызық күндердің

арбауынан шыға алмай қалма, дүниеге келгендегі мақсатыңды ұмытпа‖ - дейді.

Хакім «Меннің» адам баласының жаны, рухы, ал «менікінің» тҽні екендігін

терең түйсінген.

Татар тіліне М.Шабаевтың аудармасы:

Ир-егет бүген – адҽм, иртҽн – туфрак,

Бүгенге кҿн ул балкып алдар гына.

Иртҽн үзең кайдасын белмисең син,

Үлмҽк ҿчен тугансың, адҽм, уйла! [8,161б.].

Татар тіліндегі бұл аударманы мағыналық жағынан сҽтті аудармалардың

қатарына қосуға болады. Аудармашы Абайдағы «адамзат» сҿзін «ер жігіт»

деп алып былай дейді:

Ер жігіт бүгін – адам, ертең – топырақ,

Бүгінгі күн жарқырап алдар бірақ.

Ертең ҿзің қайдасың, білемісің,

Ҿлмек үшін туғансың, адам ойла!

Ҿлеңнің соңғы Абайдағы «Ҿлмек үшін туғансың, ойла, шырақ!» деген

жолды М. Шабаев «Ҿлмек үшін туғансың, адам ойла!» деп аударады. Жасы

кiшiге еркелете айтылатын, тыңдаушының назарын ҿзіне аудару мақсатында

қолданылатын «шырақ» қаратпа сҿзінің эмоциональды-экспрессивті реңкі

ҿлеңнің эстетикалық қуатын еселеп тұрса, аудармада, керісінше, ҿлең

кҿркемдігі біраз солғын тарқан. Абайдың бұл ҿлеңі 11 буынды қара ҿлең

ұйқасы, яғни, ааба үлгісінде жазылса, аудармада ұйқас аабв түріне ойысқан.

Қазақ ҿлеңі буын мен ұйқасқа негізделетіндіктен, осыдан келіп, түпнұсқадағы

«топырақ», «бірақ», «шырақ» болып ҿзара ұйқасқан жолдарға татар тіліндегі

нұсқада нұсқан келген. Соңғы жолдың ұйқаспай аяқталуы, ҿлең ырғағының

бұзылуы аударманың бір міні деуге болады.

Ұйғыр тіліне А.Дҿлҽтовтың аудармасы:

Адҽмзат бүгүн адҽм, ҽтҽ топрақ,

Ҿмүр, һаман ялқунлап алдар бирақ.

Ҽтликкҽ ҿзҽң нҽдҽ, сҽн билҽмсҽн,

Ҿлмҽк үчүн туғулдуң, ойла, һҽр вақ! [9,139б.]

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

87

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!