15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Зер сала қарасақ, ешбір аудармашы «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы

жүректі» дҽлме-дҽл аударып бере алмаған. Ол шарт та емес. Тіпті мұны қазақ

оқырманының бірі ұқса екіншісі ұға қоймас. Мұндағы «нұрлы ақыл» деген

сҿздің негізгі мағынасы Абайдың толық адам жҿніндегі ұғымдарымен астасып

жатады.

Абайдың осы ҿлеңі ұйғыр тіліндегі И.Һошуровтың аудармасында біршама

сҽтті шыққан деуге болады.

Шуни оқуп, ойлавҽр,болсаң зерҽк,

Ҽмгигиң сат, һар сетиш кимгҽ керҽк?

Учла нҽрсҽ адҽмниң хасийити,

Чидам – ғҽйрҽт, ой - ҽқил, отлуқ жүрҽк [9, 120б.].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек,

Еңбегің сат, ар сату кімге керек?

Үш-ақ нҽрсе адамның қасиеті,

Шыдам-қайрат, ой-ақыл, отты жүрек

Аударманың соңғы жолында Абайдағы «ыстық қайрат» эпитеті шыдамқайрат

деп, «нұрлы ақыл» эпитеті ой-ақыл болып аударылып, қайрат пен

ақылдың айқындауыш сҿздері аударылмай қалған. Тек осы жолдағы «жылы

жүрек» эпитетін «отты жүрек» деп жүректің ерекше қасиетін кҿрсете

аударған. Жалпы Абай шығармашылығындағы жүрек – жай жүрек емес:

«жылы жүрек», «ыстық жүрек», «асыл жүрек», «ынталы жүрек», «асау жүрек»,

«ызалы жүрек», «жомарт жау жүрек», «жалын жүрек», «жас жүрек», «сорлы

жүрек», «ит жүрек», «қайран жүрек», «үрпиген жүрек», «шошыған жүрек»,

«күйген жүрек», ал енді бірде «жай соғып жатқан ауру жүрек» болып түрлі

сипатта кездеседі. Абай ҿлеңдерінде жүректің ҽр қырын, сезімнің сан қатпарын

ашып кҿрсету үшін алуан түрлі эпитеттер мен метафораларды пайдаланып,

қазақ поэзиясының тілін ҿрістетіп, оны шеберліктің шыңына шығарды.

Абайдың жүрекке қатысты қолданған теңдессіз теңеулері қазақ поэзиясында

даралығымен, жаңалығымен ерекшеленеді. Соның бірі осы «Жылы жүрек»

қолданысы деуімізге болады.

Абайдың филофиялық, этикалық кҿзқарасында ерекше кҿңіл аударатын

келесі бір бүтін ұғым – «Ҿмір» мен «Ҿлім» концептісі.

Адамзат-бүгін адам, ертең топырақ

Бүгінгі ҿмір жарқылдап алдар бірақ.

Ертең ҿзің қайдасың, білемісің,

Ҿлмек үшін туғансың, ойла, шырақ [2, 48б.].

Ақын бұл ҿлеңінде оқырманын «ҿмір» мен «ҿлімнің» арасын түсінуге

шақырады. Жастайынан ислам дінінің шарттарына қанық болып, шариғатқа

86

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!