15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

оны екінші басынан тосып алатыны, адамға берген жанын ҿзінің қайтып алуы

туралы түсінік осы мағынадан туады. Қалған үзінділердегі ойлар нақты, затты

қалыпта түйінделген. Ақынның айтып отырғаны Құранның сҿзіндей екені рас»

[86, 5б.].

Қазақ ұлтының «түбіне жету» үшін отаршыл ҽкімшілік пен шіркеудің

тақуалары дүниедегі тҿрт ұлы діннің бірі – исламды оның үкіметіне жек

кҿрінішті кҿрсетуге тырысты. ХХ ғасырдың аяғында деморатиялық бағыт, адам

құқы, адамзаттық орта идея деген массондық желеудің бір парасына айналды.

Мұны жамылғы етіп ислам дінін сұрқияландырып, адамзатты шошындыра

сескендіруге ислам фундаментализмі деген ұғым қолданылды. Абайдың

тұсында мұның аты – панисламизм еді. Ұғымның аты ҿзгерді, насихат ҿзгерген

жоқ. Мұндай рухани арандатуды Абай да байқаған. Имек жолда тиянақ, тегістік

жоқ – деп отырғаны діни мисссияның қитұрқылы уағызы [43, 244б.].

«Ҿмір жолы – тар соқпақ, бір иген жақ» деген образдау қазақтан ҿзге,

айталық, Европа халықтарына жат болар. Абай поэтикасында экспрессияның

құралы ретінде фразеологизмдерді, оның ішінде ҿз қаламынан туған жаңаларын

жұмсауды күшейтті. Абай ҿлеңдеріндегі метафоралардың жҽне бір ҿте жиі

кездесетін түрі – эпитеттік метафора жҽне метафораның шендестірумен

байланысты келетін түрлері. Ақын метафораларының кҿбі эпитеттермен

байланысты болып отырады. «Ҿмір жолы», не «тар соқпақ», не «қу соқпақ»,

«Бесік – тек жайлау емес, кең жайлау», т.б. Метафора поэтикалық тілдердің

басқа түрлеріне қарағанда, ой-сезімге тікелей ҽсер етеді, Абайдың ҿлеңдерінде

кҿп кездесетінінің бір себебі осы болуға тиіс.

«Абай ҿзіне дейінгі қазақ ҽдебиеттануында бұрын-соңды болмаған ҽдебиэстетикалық

жаңалық ашқан, – дейді ғалым А. Ісімақова. Ҽл-Фараби дҽстүрін

жалғастырған Абай ҽдеби сҿзді білімге, ғылымға бағындырды. Кҿркем сҿздің

мҽнін, сапасының сырын толықтырды. Оның дұрыс, орынды қолданылуын

талап етті. Абай бірінші болып ақын, айтушы мен тыңдаушы, талдау мен

талғамның ҽдебиеттанулық тұжырымдар екенін айырып, келесі ҿлең

жолдарында айқындап берді» [87, 45б.].

Ҿлең – сҿздің патшасы, сҿз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Бұл – Абайдың 1887 жылы жазған ҿлеңі. Кҿлемі ҽрқайсысы 5 тармақты 15

жолдан тұрады. Ең алдымен, бұл ҿлеңде Абай ақындықтың үлкен ҿнер

екендігін, ҽлеуметтік мҽні бар зор құрал екендігін ҿлең тілімен алғашқы болып

айтқан. Ҿлеңді «сҿздің патшасы» деп бағалай отырып, оны тҿмендететін

олқылықтарды кҿрсетеді. Ҿлеңге кҿркемдіктің шартын қойып, эстетикалық

жаңа талап қояды. Ҿлең 11 буынды қара ҿлең ұйқасымен жазылған. Бірқатар

текстологиялық ҿзгерістерге ұшыраған. Абайдың бұл ҿлеңіне А. М. Гурьевич

116

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!