15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Лингвистикалық талдау нҽтижесіне сүйенген ғалымдардың айтуынша,

аудармашылар метафоралардың тек жартысын ғана метафорамен аударады –

қалғаны тілдің нейтралды құралдарымен беріледі [37,59б.]. Толық эквивалентті

сҽйкестіктің пайызы кҿркем шығарманың ҿзіне, метафораның типіне,

аудармашының шеберлігіне, басқа да факторларға тҽуелді, дегенмен де

метафораның аудару кезінде үлкен қиындық тудыратыны күмҽнсіз.

Метафораны аудару кезінде қиындық тудыратын себептің бірі, оның

семантикалық құрылымының күрделілігі болып табылады. Сондықтан,

бастапқы мҽтіндегі метафора мен оның аударма мҽтіндегі сҽйкестігін, оның

семантикалық құрылымы анықталғаннан кейін салыстырған жҿн.

Аудармадағы метафора аудармашының қалауынан ғана тумайды,

түпнұсқаға сай пайда болады. Аудармашы түпнұсқада жоқ метафораны

аудармаға алып келе алмайды, ҿз жанынан кҿркемдік бейнелеу құралдарын

жасауға оның еркі жоқ. Алайда мұндай талапқа жауап беру оңай емес.

Түпнұсқадағы метафора аудармада теңеуге айналып кетуі немесе теңеудің

метафораға айналып кетуі тҽжірибеде аз кездеспейді. Түпнұсқа мен

аударманың сҽйкес бірліктерін салыстырып қарастырғанда, мұндай

жағдайлардың неше түрі кездеседі.

Аталған жайларды салыстырып қарастырғанда, бар сҽйкестіктерді

баламалық принципінің негізінде екі топқа бҿлуге болады:

1. Құрылымдық баламалы сҽйкестік;

2. Құрылымдық баламалы сҽйкестік емес;

Құрылымдық баламалы сҽйкестікке тҿмендегідей ерекшеліктер жатады:

– метафораларды метафорамен аудару;

– аудармадағы ақпараттың мазмұны түпнұсқадағы ақпараттың мазмұнымен

бірдей болуы;

– аудармадағы метафораның түпнұсқадағы метафорамен салыстырғанда

кҿлемді ақпаратты қамтуы;

Құрылымдық баламалы емес сҽйкестіктің ерекшеліктері метафораны

бейтарап тілдік құралдармен немесе образбен аударумен сипатталады. Мұндай

жағдай түпнұсқадағы метафоралық құрылым мен прагматиканың жоғалуына,

ал бұл ҿз кезегінде образдың жойылуына алып келеді.

И.Р.Гальперин метафорадан «екі түрлі түсініктің белгілерінің ұқсастықтарына

негізделген заттық логикалық мағына мен контекстуалды мағынаның

байланысын кҿреді» [38, 74б.].

Метафора мҽдениетке тҽн бірлік. Аса маңызды мҽдени мағынасы бар

концептілер метафораны түзеді. Метафора ҽмбебапты болуына байланысты

оны бір тілден екінші тілге аудару оңай емес. Соңғы уақытта ғалымдар

метафоралық образдың ерекшелігін сақтау мҽселесін қарастырып жүр.

М.Морозов жанды образдар (image-bearing expressions) мен кҿнерген образдар

(fossils) арасындағы айырмашылықты ашып алудың қажеттілігіне тоқталады.

Ол жанды образды аудармада қайта жасап, кҿнерген образды мҽн арқылы

жеткізетінімізді айтады. М.Морозов «метафора бірлігінің ережесін» сақтап,

45

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!