15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

дегендегі «жҿн» сҿзінің туысқан тілдердің бірінде «тура» болып, екіншісінде

«жол» болып, үшіншісінде «түз» болып аударылуы ойландырмай қоймайды.

Қазақ тілінің синонимдер сҿздігінде «жҿн» сҿзінің синонимдік қатары мынадай

болып кҿрсетілген: дұрыс, жҿн, тура, түзу, түзік, жҿндем, жҿндемді, жҿнді,

оңды [72, 203б.]. Абай суреттеп отырған жағдай аясында осы қатардағы

сҿздердің ең лайықтысы – «жҿн». Ал енді түпнұсқадағы «жҿн» сҿзі беретін

лексикалық мағынаға барабар мағыналы сҿзді аудармашылар үшін татар, ұйғыр

тілдерінде дҽл табу оңайға түспеген. Мұның ҿзі Абай шығармаларын туысқан

халықтардың тілдеріне аударудың ҿзінде шешілмей жатқан үлкен ғылыми

мҽселелер барын білдіреді.

Абай ҿзінің бірінші қара сҿзінде: «Бұл жасқа келгенше жақсы ҿткіздік пе,

жаман ҿткіздік пе, ҽйтеуір бірталай ҿмірімізді ҿткіздік: алыстық, жұлыстық,

айтыстық, тартыстық – ҽурешілікті кҿре-кҿре келдік. Енді жер ортасы жасқа

келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын

кҿрдік, бҽрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған ҿмірімізді қайтіп, не

қылып ҿткіземіз? Соны таба алмай ҿзім де қайранмын», – дейді. Абайдың қара

сҿздері мен ҿлеңдеріндегі идеялар бір-біріне қабысып отырады. Адам ҿз ҿмірін

қалай мҽнді етіп ҿткізуге болады? деген осы бір сұрақ ақын

шығармашылығының қай саласында болмасын қылаң беріп отырады. Ҿткінші

ҿмір, баянсыз тірлік, байлаусыз ҿмір. Осы идея ақынның ҿлеңінде былайша

кҿрініс тапқан:

Ҿмірдің алды – ыстық, арты – суық,

Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық.

Жақсы ҽнді тыңдасаң ой кҿзіңмен,

Ҿмір сҽуле кҿрсетер судай тұнық [2, 6б.]

Абай ҿзіне шейінгі қазақ ҽдебиетіндегі бар идеяларды сҿз образы арқылы

шын мҽніндегі үлкен философиялық биікке кҿтерді. «Ҿмірдің алды – ыстық,

арты – суық, Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық» – бұл Абайдың қазақ

танымын жаңаша таныммен ұштастырған метафорасы. Яғни, қазақтың

бағзыдан келе жатқан «бес күндік жалған», «қамшының сабындай қысқа

ғұмыр», «диірменнің тасындай шыр айналған дүние» сынды ҿмірдің ҿткінші

екендігін еске салатын ойлармен астасып жатыр. Ақын «ҿмірдің алды – ыстық»

деп адамның балалық, жастық шағын айтып отыр. Біз бүгінгі күні де жастық

шақты жалындаған, лапылдаған отқа, шоққа теңеп жатамыз. Ал ақынның

«ҿмірдің арты – суық» дегеніндегі ҿмірдің арты – адам ҿмірінің соңғы

кезеңдері, қызығы таусылған кҽрілік. Абай антитеза арқылы жастық шақ пен

кҽрілік сынды ұғымдарды қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді ҽсерлі,

бейнелі жеткізген. Сондай-ақ, Абай «Ҿмір сҽуле кҿрсетер судай тұнық» деп

жансызға жан бітіру, яғни кейіптеудің тамаша жаңа үлгісін жасайды.

Ұйғыр тіліне И.Жҽлиловтың аудармасы:

94

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!