15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Қырғыз тіліндегі аудармада ақынның «Мақсат – алыс, ҿмір – шақ» деген

жолдарын «Үміт – алыс, ҿмір шақ» деп аударады. Үміт – адамның кҿңіл күйін,

сезімін білдіретін ұғым, түсінік, яғни, оның нақтылы заттық сипаты жоқ.

Мақсат та сол сияқты дерексіз ұғымдардың бірі. Алайда, «Үмітсіз шайтан»

деген қазақтың ҽр күні үмітке толы, үміт оларға алыс емес. «Үміт үзбек

қайратсыз иттің ісі» деген Абай ақын осыны терең түйсінгендіктен, мақсат –

алыс десе керек. Абайдың бейнелі сҿздері сипаттауларының қай-қайсысын

алсақ, ұлы ақынға тҽн зор мағыналық, кҿркемдік қасиеті кҿзге түседі. Мақсұт –

алыс, ҿмір – шақ деген сҿздерде терең мағына жатыр. Осы мақсаттың

жолына бар қалған ҿмірі жұмсалса да аз екенін айтқанда да ақын екі ұғымды

(алыс мақсат пен шақ, аз ҿмір) шендестіру ҽдісімен қарама-қарсы қою арқылы,

екі нҽрсені екі түрлі сипаттау арқылы тағы да сол негізгі ойын ширата, шыңдай

түседі. Қырғыз тіліндегі аудармада ақынның «Кеш» деп кайтар жол емес, Жол

азығым мол емес» деген ойы дұрыс аңғарылған, дұрыс аударылған.

Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей,

Тоқ тұра алмас дҽмдіден дҽмді іздемей.

Бір тойған шала байлық деген қазақ,

Ет кҿрінсе қайтеді күйсей бермей, [2, 158б.] –

деген ҿлеңінде Абай қазақтың ҿзінде бұрыннан бар «Кедейдің бір тойғаны

шала байығаны» деген мҽтелді айтар ойдың эстетикалық қуатын арттыру,

еселеу мақсатында қолданғаны анық. Бұлардың ҿзге тілде де дҽл осылай

аударылғанын байқадық.

Татар тіліне Ҽ.Исхактың аудармасы:

Ач юанмас, тапса, майлы ашны калмый,

Тук туктамас, иң тҽмлене эзлҽп тапмый.

―Бер туюың - ярты байлық‖ дигҽн казак

Ит очратса, ничек түзсен чҽйнҽп бакмый? [8,139б.].

Абайдың 11 буынды қара ҿлең ұйқасымен жазылған бұл ҿлеңін татар тіліне

аударған аудармашы 12 буын етіп аударады. Бұл ҿлеңіндегі «Аш қарын жұбана

ма, майлы ас жемей» деген жолын «Аш жұбанбас, тапса, майлы ас қылмай» деп

мағынаға жақын аударса, «Бір тойған шала байлық» деген қазақ аузында

мҽтелге айналған қолданысты да сол қалпында «Бір тоюың – жарты байлық»

деген қазақ, Ет ұшыраса, не істейді шайнап бақпай? деп аударған.

Ҿзбек тіліне Миртемирдің аудармасы:

Оч киши тинчланарми туймагунча,

Тук киши то ерилиб улмагунча?

―Бир туйсанг – чала бойлик‖ деген қозоқ

Эт топса – қуймас холдан тоймагунча[77,73б.].

124

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!