15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

ретінде қарастырылған. Айна мифологемі арқылы уақыт пен кеңістік

сығымдалып, жинақталады» [64, 41б.].

Абай ақын халық танымындағы «кҿз–айна» ұғымын кеңейтіп, «жүрек–

айна» концептісін ұсынады. Айнаны адамның ҿзінің ішкі ҽлеміне, рухани

дүниесіне үңілуінің символы ретінде қолданады. Ақын поэзиясында «Дүрсіл

қағып жүрегі» дегенде «жүрек» ҿз мағынасында қолданылып отырса, «ет

жүрексіз ерніңнің айтпа сҿзін», «жүрегі – айна», «жүрегіменен тыңдамай»,

«жүрек – теңіз» дегенде «жүрек» ҿз мағынасында емес, ауыстыру мағынасында,

яғни метафоралық қолданыста. Адам ҿз болмысына ҿзі үңіліп, жақсылық пен

жамандықты екшеп, ылғап, қасиетсіздіктен ҿз бойын, жүрек айнасын таза

ұстауы шарт. Ал ақынның осы ҿлеңі түрік тілінде қалай сҿйледі екен?

Түрік тіліне З.Исмаилдың аудармасы:

Yüreği ayna, gönlü açık,

Sözü anlar, bilir seçik.

Hünerli, hem de pratik,

Anlamasın mı sözü tez [10,51б.].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Журегі-айна, кҿңілі ашык,

Сҿз ұғарлык, білер анық.

Талантты ҽрі іскер,

Түсінбесін бе сҿзді тез.

Түрік тіліндегі аудармасында аудармашы ақынның «жүрек – айна»

метафорасын дҽлме-дҽл аударған, ал қалған жолдарын еркін аударған. Абай

қазақтың «кҿзі ашық, кҿкірегі ояу» тұрақты тіркесіне сҽйкес, «кҿңілі ояу» десе,

түрік тілінде «кҿңілі ашық» деп берілген. Ҽрине, мұнда айтарлықтай алшақтық

жоқ. Абай «Жүрегі – айна, кҿңілі – ояу, Сҿз тыңдамас ол баяу» деп оқу-білімді

меңгерген, сауатты жанның ҽрбір «есті сҿзді ескеріп» жүретіндігін меңзесе,

аудармада «Жүрегі-айна, кҿңілі ашық, Сҿз ұғарлык, білер анық, – деп басты

ойдан алыстамайды. Қалған соңғы үшінші, тҿртінші жолдарды да аудармашы

еркін аударған. Бір назар аударарлық мҽселе, түрік тіліндегі аудармада

түпнұсқадағы ҿлең ҿлшемдерін барынша сақтауға тырысқан. Мҽселен, Абайда

ҿлең жолдарының соңы ... ояу, ...баяу, ... таяу болып ұйқасып келіп, тек соңғы

тҿртінші жолы ғана ... тез деген сҿзге аяқталып, ұйқаспай, бос қалса, түрік

тіліндегі аудармасында да ...açık, ...seçik, pratik деп алғашқы үш жолы ұйқасып,

тҿртінші жолы ... tez деген сҿзбен ұйқассыз, бос аяқталған. «Йассауи жҽне

Абай: Ұлылардың үндестігі» атты мақаласында жас ғалым Айнұр

Ҽдбiрҽсiлқызы былай деп жазады: «1855-1881 жылдар аралығында жазылған

Абай ҿлеңдерi үш түрлi ұйқасқа негiзделген: аааб («Шығыс ақындарынша»,

«Фзули, Шамси, Сайхали»), аб вб гб дб («Абралыға», «Сап, сап кҿңiлiм»), аа ба

ва га («Қансонарда бүркiтшi шығады аңға», «Қақтаған ақ күмiстей кең

82

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!