15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Р. МакКейннің аудармасы:

My heart is in forty shreds

from the malicious intent of the world.

How can it stay unharmed

among this bigotry? [22, р.251].

Шумақты қазақ тіліне кері аударатын болсақ мынадай мағына шығады:

Менің жүрегім қырық жұлым

дүниенің жауыз пиғылынан

Қалай аман қалсын

бұл жанкештіліктің арасынан?

Ричард МакКейн ақынның ішкі дүниесінің тебірене толқуын, күйінішін,

толғанысын сезінген. Себебі ҿлеңді орыс тілінен аударғанның ҿзінде

түпнұсқаның тҽртіп параметрлерін сақтаған. М.Петровыхтың аудармасында

түпнұсқаның екінші тармағы түсіп қалса, Р. МакКейннің аудармасында дҽлмедҽл

болмаса да ақынның жүрегінің не себептен жамау екендігінің себебі

жеткізілген. Бұл ҿлеңде аудармашы шумақтың соңғы жолының мағынасын

толық аша алмаған жҽне сұраулы сҿйлемге айналдырып түпнұсқадан

алшақтаған. Түпнұсқада «қайтқаннан соң ҽрнеден» деп жүректің ауыр күйін,

жағдайын сипаттаса аудармада (жанкештіліктің арасынан) деп жүректің

ортасы, айналасы туралы сҿз қозғайды.

Орыс жҽне ағылшын тілдерінің грамматикалық құрылымындағы

ҿзешеліктер аудармада сҿйлем құрау кезінде білініп жатады. Ағылшын тілінде

сҿз таптары бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш сияқты ретпен

орналасса, орыс тілінде ағылшын тілімен салыстырғанда сҿздердің орналасу

тҽртібіне еркіндік берілген. Қазақ, орыс тілдерінде ҿлең кҿбіне ұйқасқа

құралса, ағылшын ҿлеңдерінің ұйқасып келуі маңызды емес. Сондықтан да

болар аудармада түпнұсқадағыдай ұйқасқан тармақтар жоқ. Дегенмен,

аудармашы еркіндікке салып, түпнұсқадан ауытқып кетпеген. Артық сҿз

қосулар мен қысқартусыз түпнұсқаның мазмұнын сақтау сатылы аударма үшін

үлкен жетістік.

Абай аудармаларының жанрлық композициялық деңгейіне назар

аударайық. Кҿркем шығарманың жанрлық композициялық деңгейі дегеніміз

барлық кҿркемдік құралдарды (жанрлық ерекшеліктер, кҿркемдік

құрылымның ерекшеліктері, кҿркемдік детальдардың орналасуы жҽне

байланысы, образдар жүйесі) біріктіретін кең категория. Абайдың «Сегіз аяқ»

ҿлеңінің мына тармақтарының жанрлық композициялық деңгейін аудармашы

қаңдай деңгейде сақтап жеткізгеніне назар аударайық:

Бойда қайрат, ойда кҿз

Болмаған соң, айтпа сҿз [2, 88б.].

31

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!