15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

ҿмір) шендестіру ҽдісімен қарама-қарсы қою арқылы, екі нҽрсені екі түрлі

сипаттау арқылы тағы да сол негізгі ойын ширата, шыңдай түседі. Мұндағы

«базар» сауда-саттық оpны емес, адам ҿмірінің ең қызықты шағы ретінде

алынып отырған «базар» да ҿте мағыналы астарлау болып шыққан. Абайда

«Базар» сҿзі ҿмірдің баламасы ретінде біршама жиі кездеседі. «Базарға қарап

тұрсам ҽркім барар», т.б.

Татар тіліне Н.Арсланның аудармасы:

Максат – ерак, гомер-аз

Базарым бетте,

Күркҽмлек китте,

Я, ни мҽгьнҽ, үтте яз.

Кире кайтыр юл түгел,

Юл азыгым мул тугел[8,73б.]

«Мақсұт – алыс, ҿмір – шақ», –

деген ақынның жолдарын татар тіліне «Мақсат – алыс, ҿмір – аз» деп аударған.

«Ҿмір» – абстарктылы ұғым, ҽрі ол кҿптік мҽнге ие. Сондықтан оны аз, кҿп деп

ҿлшей алмаймыз. Образды түрде қазақта ҿмірдің қысқалығын «қамшының

сабындай қысқа ҿмір», «күрмеуге келмейтін келте ғұмыр», «диірменнің

тасындай шыр айналған дүние» деген сҿздермен бағалап жатады. Бірақ, «аз

ҿмір» деген тіркес қазақ ҽдеби тілінің нормасында да, ауызекі сҿйлеу стилінде

де қолданылмайтындықтан, «ҿмір аз» дегеннен гҿрі басқалай аударған жҿн бе

деп ойлаймыз. Сондай-ақ, осы аудармада түпнұсқадағы ой қарама-қайшы

келетін мынадай жолдар бар. Абай: «Кеш» деп қайтар жол емес, Жол азығым

мол емес», десе, аудармашы: «Кері қайтар жол түгел, Жол азығым мол түгел»,

деп мүлде бҿлек арнада аударған. Ақын: «Кеш» деп қайтар жол емес, Жол

азығым мол емес» деген жолдар арқылы ҿмірге адам болып келмек бар да,

кетпек бар. Сондықтан, сынаққа берілген аз күндік жалғанда ҿзіңе рухани азық

жина демекші. Осы ойдың сҿлін аудармашы оқырманға дұрыс аударып бере

алмаған.

Қырғыз тіліне А.Токомбаевтың аудармасы:

Кайратым маалим,

Келалбайт алым,

Үмүт алыс, ҿмүр чак;

Ҿткҿн соң базар,

Кайткен соң ажар,

Эмине болот куржалак?!

―Кеч‖ деп кайтар жол эмес,

Жол азыгым мол эмес [11,67б.].

123

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!