15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

тікелей байланысты орын алып отырған олқылықтардың қатарына жатады.

Дегенмен осы жерде Т.Боттингтің Абай шығармасын түпнұсқадан емес, оның

орыс тіліндегі аудармасынан аударып отырғаның ескеруге тура келеді.

Түпнұсқа туындыны ағылшын тіліне тікелей аударудың маңызы ҿте зор

екендігінде сҿз жоқ. Бірақ ондай аударма жасайтын аудармашыны іздеп табу

қиын. Осы қиындық Абайдың шығармасын ағылшын тіліне оның орыс тіліндегі

аудармасы арқылы аударуға алып келген. Абайдың осы шығармасының орыс

тіліндегі аудармасы мен соның негізінде жасалған ағылшын тіліндегі

аудармасын ҿзара салыстырып талдайтын болсақ, түпнұсқаның мағынасы

бірден-бірге ҿзгеріп отырғанына кҿз жеткізуге болады. Жоғарыда берілген

үзіндіге қарағанда, аудармашы ағылшын тілінің синтаксистік құрылымына

сҽйкес сҿйлемді есімдіктен бастауды ұйғарған. Ол негізсіз емес, ҿйткені

ағылшын тілінде мекен пысықтауыш сҿйлемнің соңында келеді. Бірақ

аудармада осы тармақ сҽтті шықпаған. Оның бірнеше себебі бар. Бір себебі

ағылшын тілді оқырманның ҿлеңнің басындағы екі шумақты қабылдау

сипатына байланысты анықталады. Түпнұсқадағы «Алыстан сермеп» орыс

тіліндегі аудармада «Издали зовет» (Л.Озеров) болса, ағылшын тіліндегі

аудармада «Алыстан ұшу» секілді мағынада беріледі (Алыстан сермеп →

Издали зовет → You start your flight from a distance - Алыстан сермеп →

Алыстан шақырады → Сіз алыстан ұшасыз).

Ағылшын тіліндегі артық сҿз қосулар түпнұсқаның кҿлемін ұлғайтып

жіберген жҽне толықтыру, орын ауыстыру сияқты трансформацияның түрлері

пайдаланылған. Егер аудармашы алғашқы тармақта «start – бастау» етістігін

жҽне «сіз» есімдігін қоспай, ҿлеңді ағылшын тілінің ережесіне сҽйкес

есімшеден бастаса түпнұсқаның құрылымына аса зиян келмес еді. Мысалы осы

жолды есімше тұлғамен былай аударуға болады:

Flying from a distance...

Алыстан ұшып...

«Жанның қарсылығына жетесіз» мағынасы түсініксіз, осы жерде

аудармашы қандай қарсылықты айтып отыр? - деген сұрақ туындайды. Егер

аудармашы түпнұсқаның мағынасын ашу үшін толықтырулар жасап, ҿз

жанынан қосатын болса, оның да ретті жері бар. Т. Боттингтің ҿз жанынан

қосуы, керісінше, мағынаны бұрмалап, оқырманды шатастырып отыр. Жүректі

ол орыс тіліндегі аудармаға сүйене отырып «душа» деп алған. Үшінші

тармақтағы «Барлық тіршілікке енесіз», бұл жолдағы «тіршілік» жалпы

мағынада қолданылып тұр, «тіршілікті» түпнұсқадағы «бойға» балама етіп алу

қиын. Абайдың қимылдың сының білдіретін бейнелі сҿзі («шымырлап»)

жойылған.

Татар тіліндегі аудармасы:

Ерактан балкып,

Йҿрҽктҽн калкып,

11

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!