15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

«Сегіз аяқтағы» ҽр шумақтың соңғы екі жолының кҿбі бұл күнде

афоризмге айналған түйіндеулер: Еңбек қылсаң, ерінбей, тояды қарның

тіленбей; Кеш деп қайтар жел емес, жол азығым мол емес; Екі кеме құйрығын,

Ұста жетсе бұйрығың; баяғы жартас – бір жартас, қаңқ етер түкті байқамас;

моласындай бақсының, жалғыз қалдым тап шыным! Бұл жолдардың афоризмге

айналуының себебі – олардың алдында айтылған ойдың шыншылдығында,

дҽлдігінде, ақынның осы ҿлеңде айтпақ идеясының тұтастығында [90,44б.].

Ұйғыр тіліне И.Жҽлиловтың аудармасы:

Илимни, издҽп,

Дунияни кҿзлҽп,

Икки яққа иңиштим.

Қулақму салмас,

Тилиңни алмас,

Кҿп надандин ваз кҽчтим.

Икки кемҽ қуйруғин,

Тутқин, андин қуруғин![9, 57б.].

Ҿлеңнің алғашқы жолдарын аудармашы «Ілімді іздеп, Дүниені кҿздеп, Екі

жаққа үңілдім», – деп сҿзбе-сҿз аударса, келесі жолдардағы «Кҿп наданнан

түңілдім» деген сҿйлемді «Кҿп наданнан баз кештім» деп аударады. «Баз кешу»

мен «түңілудің» синонимдер екеніне дау жоқ, алайда, ҿлеңде ...үңілдім, ...

түңілдім, ...құйрығын, ... бұйрығың деген сҿздердің ҿзара ұйқасып, ҿлеңнің

ҽуезділігін арттырып тұрғандығын ескеру қажет.

Қайратым мҽлім,

Келмейді ҽлім,

Мақсұт – алыс, ҿмір шақ

Ҿткен соң базар,

Қайтқан соң ажар,

Не болады құр қожақ?!

Кеш деп қайтар жол емес,

Жол азығым мол емес.

Шынында да, адамның мақсұты тым алыс, ал ҿмірі ҿткінші. Абайдың

бейнелі сҿздері сипаттауларының қай-қайсысын алсақ, ұлы ақынға тҽн зор

мағыналық, кҿркемдік қасиеті кҿзге түседі. Мақсұт – алыс, ҿмір – шақ

дегендегі алыс, шақ деген сипаттаулар қарапайым ғана сҿздер екені рас. Ал,

бірақ, осы сҿздерде терең мағына жатыр. Алыс деген сипаттауы арқылы ақын

ҿзі алдына қойған мақсаттың, сҿз зергері, қоғам қайраткері болғандағы негізгі

міндетім деп түсінген мақсатының қаншалықты зор ҽлеуметтік жалпы

халықтық мҽні бар екенін аңғартады. Осы мақсаттың жолына бар қалған ҿмірі

жұмсалса да аз екенін айтқанда да ақын екі ұғымды (алыс мақсат пен шақ, аз

122

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!