15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

үйретіп едім, ол мені атып жібере жаздады». Түпнұсқада ой нақты айтылған,

яғни оқиға болып ҿткен. Аудармада ондай нақтылық жоқ. Түпнұсқада «мені

атты» деп нақты айтылса, аудармада «мені атып жібере жаздады» деп оқиғаның

болмағандығы туралы ой тастап антонимдік аударма жасайды. «Мені атты» мен

«мені атып жібере жаздады» арасында үлкен айырмашылық бар. Түпнұсқадағы

«атты», яғни оқиғаның болып ҿткендігі арқылы атқан адамның опасыздығы,

сатқындығы туралы ақпарат да беріліп тұр. Сондықтан бұл сҿздің мезгілдік

деңгейін ҿзгертпей аударудың маңызы жоғары.

А.Жовтистің аудармасы:

Собаку я выкормил из щенка,

И зубы ее испытал.

Меткости я обучил стрелка –

И сам мишенью стал [20, с.87].

Түпнүсқадағы «Ол балтырымды қанатты» деген тармақтың мағынасын

аудармада «И зубы ее испытал» деп берген. «Балтыр» сҿзін «тіс» сҿзімен

алмастырған. Ақынның кҿңіл-күйі аудармада кҿрініс таппаған. Түпнұсқада

ақынға ауыр тигені денесінің жарасы емес, жүрек жарасы. Сол толғаныс пен

күйзеліс аудармада сезілмейді. Ҿлеңнің соңғы тармағының аударылу дҽрежесі

де осындай. Онда мергеннің атқандығы туралы ақпарат аудармада жоқ,

ақынның ойының негізгі түйіні осы ой. «И сам мишенью стал» сҿзбе-сҿз «ҿзім

нысанаға айналдым» болып аударылады. Нақты болған жағдай аудармада жоқ,

демек түпнұсқадағы мазмұн ҿзгерген. Аудармашы мҽтіннің астарындағы

мағынаны ашпаған.

Ҽ.Қодардың аудармасы:

Щенка, обучая, я вырастил в пса,

Меня укусил он мгновенно.

Кого-то стрелять научил я и сам

Стал первою жертвой мергена [6, с.54].

Бұл аудармадан теориядағы аудармашы ақындар жиі қолданатын

компенсация (орын толтыру) ҽдісін байқаймыз. Мысалы «Күшік асырап ит

еттім» яғни мұндағы «ит ету» күшікті ҿсіргендігі оның ит болғандығы туралы

болып отыр. Ҽ.Қодар «вырастил», «обучил» деп қатарынан екі сҿзді қолдану

арқылы оқырманға ит еткендігі түсінікті болу үшін «вырастил» сҿзін қосып

тұр. Жалпы, ҿлеңнің пішіні, синтаксистік құрылымы ҿзгерген. Екінші тармақта

«ол мені ҽп-сҽтте тістеп алды» деген ойды ұсынады. Аудармашы «мгновенно»

сҿзін тармақтарды ұйқастыру үшін қосқан. Бірақ аудармада мезгілді

нақтылаудың маңызы жоқ. Аудармашы соңғы тармақты «мергеннің бірінші

құрбаны болдым» деп аударады. Аудармада түпнұсқаның негізгі ойы мергеннің

құрбандарының санында сияқты. Мҽселе нешінші құрбан болғандығында емес,

29

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!