15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды:

бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дҽулет ортақ болса екен дейді. Олай

болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп

не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес», – деген ақын

ұғымында ҽрбір қоғамның жақсы я жаман ел болуының тетігі оның бірлікшіл

я бірліксіз болуында. Алайда, Абай ұғымындағы «берекеде» саяси астар бар.

Оған ақын ҿлеңінің «Жапырағы жайқалып, Бұлғақтайды соқса жел», – деген

келесі жолдары дҽлел. Мұндағы «соғатын жел» табиғат құбылысы емес,

«заман желі». Береке-бірлігі жарасқан елге сырттан келер жау жоқ дегенді

айтқысы келгендей хакім Абайдың. Абай ізгілікті кҿзқарасты насихаттайды.

«Адамзаттың бҽрін сүй, бауырым деп», «Атаның баласы болма, адамның

баласы бол», - дейді. Абайдың ойынша, елдің жаман-жақсы болуының тетігі

оның ынтымақ-берекесіне байланысты.

Ҿзбек тіліне Н.Уринбаевтың аудармасы:

Баракали булса эл,

Еқаси яйлов у бир кул.

Япроқлари чайқалиб,

Уйнаб турар эсса ел [60, 34б.].

Байқап отырғанымыздай, аударма сҿзбе-сҿз, тікелей аударма. Ҿзбекше

нұсқада Абайдың ҿлеңіндегі «бұлғақтайды» сҿзі «ойнап тұрар» деп

аударылады. Алайда, мұндағы «бұлғақтау» жағымды мағынада болғандықтан,

«ойнап тұрар» сҿзімен семантикалық жақындық бар. Қазақ тілі синонимдер мен

кҿп мағыналы сҿздерге аса бай. Десек те, оларды контекске қарай орынды

қолдана білу қажет. Мысалы, Абайдағы «соқса жел» тіркесі ҿзбекше

аудармасында «ессе жел» болып беріледі. Ҽрине, бұл үлкен кемшілік бола

қоймас. Дегенмен де, «соққан желмен», «ескен желдің» бір емес екендігін айта

кеткеніміз орынды.

Ұйғыр тіліне Учкуннің аудармасы:

Берикҽтлик болса ҽл –

Ҽтрапи яйлақ у бир кҿл

Япрақлири шивирлап,

Тҽвриниди соқса йҽл [9, 60б.].

Аудармашы Абайдың «Берекелі болса ел, жағасы жайлау ол бір кҿл»

деген метафоралық қолданысын «Берекелі болса ел, Жағасы жайлау ол бір

кҿл» деп аударған. Яғни, түпнұсқадан еш алыстамаған, тура аударма. Ал келесі

«Жапырағы жайқалып, Бұлғақтайды соқса жел» жолдарын «Жапырақтары

жыбырлап, Тербеледі соқса жел», – деп аударады. Ақындағы «бұлғақтайды»

етістігі «тербеледі» деп алынған. Қазақ тілінде «бұлғақтау» сҿзінің бұралаңдау,

былқылдау, сылқылдау, шайқақтау, бұлғаңдау, еркелеу, т.б. сияқты кҿптеген

78

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!