15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

болмайды. Д.Роттенберг «Бұл бес нҽрсені адам жек кҿруі керек!» деп

оқырманға ақынның не айтқысы келіп тұрғанын нақты береді. Қашық болатын

бес нҽрсені «пасық ҿтірік, лас азғындық деген баламаларды қолданады.

«Азғындық» деген сҿз де аудармашының түпнұсқадағы «мал шашпақ» сҿзіне

берген баламасы. Ҽрине, бұл екі сҿзді балама деп тану қиын. «Мал шашпақ»

жҽне «азғындық» екеуі екі түрлі қасиетті анықтайды. «Мал шашпақ» іс-ҽрекетті

сипаттаса, азғындық теріс жолға түсіп бұзылғандықты білдіреді. Ҽрине,

ағылшын оқырмандарына «мал шашпақ» ұғымын түсіндіру қиын. Бір ұлтқа

ғана тҽн болып келетін, ҿзге халықтың сҿз қорында кездеспейтін арнайы

сҿздерді аударуда аудармашылардың қиындыққа кездесетіні рас. Ол үшін

аудармадағы түсіндірмелі тҽсілді қолдану қажет. Жалпы Д.Роттенберг ақынның

ҿлеңін, айтпақ ойын түсінгенімен Абай рухын кҿрсете алмаған. М. Хамзин:

«Абай, бҽрінен бұрын, адамзат үшін аса қажетті рухани игіліктер ішінде осы

халықтық поэзияны жаңаша дамытты, оған қыруар жаңалық ҽкелді. Халықтық

поэзияның дҽуірі - алтын ғасыры басталды. Абай шын мҽнінде ҿз заманынан

озық туды да, ҿз болмыс-бітімі, кескін-келбеті жҽне табиғи дарын, қабілетінің,

асқан ойшылдығының, кемеңгерлігінің нҽтижесінде ҿшпес даңққа ие болды», –

дейді [18,130б.]. Расында, Абай қазақтың қаңдай да бір қарапайым сҿзін

түрлендіріп, ерекшелендіріп, ҽсерлі тіркестер шығарады. Мҽселен, Абай

«Қызыл тілім буынсыз», - дейді. Жалпы қазақта қызыл тіл деген тіркес кҿп

қолданылады. Ал тілдің «буынсыз» деп сипатталуы ақынның ҿзіндік

қолданысы. Абай «буынсыз тіл» деген тіркесті ҿзінің ҿлеңдері мен

аудармаларында бірнеше мҽрте қолданған. Мысалы Онегиннің Татьянаға

жауабында, «Тіл буынсыз, бой таза гүл» деген тармақты кездестіреміз. Жалпы

тілде буын бола ма? Тілдің буынсыз болуын қалай түсінуге болады? Ҽрине,

мұны тура мағынасында қабылдай алмаймыз. Абай тілдің барлық

құбылыстарын сипаттап, бейнелей алатын ерекше қасиетін бір ғана сҿзбен

аңғартады. Тілдің шапшаңдығын, ҿткірлігін, жан-жақтылығын, шексіздігін

яғни тілдің бірнеше қасиетін «буынсыз» деген бір ұғымға сыйдырған. Демек,

бұл сҿздің мағыналық ауқымы үлкен, астары терең. Сондықтан аудармада бұл

сҿзге ерекше мҽн берілуі тиіс. Тілдің осы қасиетін ашатын ұғымның

баламасын табу аудармашыға оңай түспесі анық. Біздіңше бұл түпнұсқаның

мҽні мен салмағын мүлде ҽлсіретіп жіберген. Л.Озеров бұл тармақты былай

аударады:

Но мой язык еще мне друг [3, с.88].

Л.Озеровтың аудармасын қазақ тіліне кері аударсақ «бірақ менің тілім

ҽлі де менің досым» деген мағына туады. Түпнұсқада тілге берілген қасиет

туралы айтылса Л.Озеровтың аудармасында тілді адам бейнесінде береді.

Аудармада түпнұсқада жоқ ой орын алған. Аудармадағы «дос» бірлігі

«буынсыз» деген анықтауыштың орнына қолдануға келмейді. Л.Озеров

тармақты ақынның ҿз шығармашылық шеберлігі мен даралығы дҽрежесінде

25

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!