15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

туады. Түсіну, жеткізу, қабылдау кезінде айқындалады. Сондықтан да

аудармашы мағынадан гҿрі мҽнді ұғынуға, оның субьективті қыр-сырына

бойлауы керек.

Сонымен бірге, ең бастысы, мҽн мағынаға қарағанда концептуалды, мҽн

мазмұнды ҽрі салмақты, танымдық сипаты терең болады. Абай ҿлеңдеріндегі

жекелеген Алла, жүрек, махаббат, иман, ниет тҽрізді концептілерде терең мҽн

бар. Бұл сҿздер атауыштық мағынасы асып, аясы кеңіп, мҽндік дҽрежеге

жеткен, концептіге айналған. Сондай-ақ, Л.С.Выготский мҽн мен мағына

арасында аралық звено ретінде «ішкі дауыс» болатындығын айтады жҽне оның

арқасында ой сҿзбен іске асады. Біздіңше, «ішкі дауыс»дегені автордың

тарапынан айтылатын түрлі астарлы ойлар. Сҿздің бҽрінде де мағына

болғанымен, мҽн бола бермейді. Мҽн мағынадан гҿрі салмақты да, терең

категория. Ал Абай тҽрізді ұлы ақындардың ҿлеңдерінде мағынадан гҿрі

мҽннің орны мен маңызы күшті болатыны ҿз-ҿзінен түсінікті. Абайдың ҿзі де

сҿздің мҽнісі туралы:

Мұны жазған кісінің

Атын білме, сҿзін біл.

Осы жалған дүниеден

Шешен де ҿткен не бұлбұл,

Кҿсем де ҿткен не дүлдүл,

Сҿз мҽнісін білсеңіз,

Ақыл - мизан, ҿлшеу қыл,

Егер қисық кҿрінсе,

Мейлің таста, мейлің күл» [2, 61б.].

Осы шумақтардағы Абайдың «сҿз мҽнісін білсеңіз» деп отырғаны

тыңдарманның немесе оқырманның автор айтқан ойды дұрыс пайымдай білуі,

ақылмен ҿлшеп, бағалай білуі деп танимыз. Бұған қоса, «мҽн» категориясы

арқылы Абай оқырманның ҿзіне қабылдау, түсіну міндетін артады. «Егер қисық

кҿрінсе» таста дейді. «Қисық» деп отырғаны бағалаудың бір формасы. Абай

ҿзінің осы «сҿздің мҽнісі» деген қағидасын ҿз аудармаларында да ұстанады.

Орыс классиктерінің шығармаларын тҽржімалаған кезде олардың сҿзінің ішкі

мҽнісіне, астарына, авторлық концепцияға үңіледі. Ал Абайдың ҿлеңін

тҽржімалануы кезінде бұл қағидалар сақтала бермейді.

Ақын ҿзінің бұл қағидаларын ҽрі қарай былай түсіндіреді:

Егер түзу кҿрінсе,

Ойлап-ойлап, құлаққа іл.

Ақымақ кҿп, ақылды аз,

Деме кҿптің сҿзі бұл.

Жақынның сҿзі тҽтті деп,

Жақыным айтты дей кҿрме,

Надандықпен кім айтса,

Ондай түпсіз сҿзге ерме,

35

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!