15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Ал тҽржімашы тек оқырман емес, шығарманы қайта тудырушы рҿлін де

атқарады. Оның міндеті екі есе ауырлайды, мҽтінді түсініп қана қоймай ҿзге

тілде қайта тудыру үшін жан-жақты зерттеуге тиіс болады.

Мҽтінді түсінудің ҿзі оны автор түсінгендей етіп түсіну мүмкіндігін

кҿздейді, бірақ мұндай түсінуге дейін мҽтінді тереңінен ғылыми зерттеу ғана

емес, бҿтен елдің мҽдениетіне ену, басқаның идеясын түсіну, ҿзінің

даралығынан бас тартып авторға айналу үдерісі жүреді. Абай мен оның

ҿлеңдері қазақ руханиятының кҿрінісі болғандықтан, аудармашы алдымен

қазақ халқының рухани құндылықтарымен танысып, қазақ ҿмірін зерттеуі тиіс.

Кҿптеген аудармашылардың, практиктер мен теоретиктердің пікірінше

тап осындай жаңа түрге айналу мен кҿшу, бейімделу, тҿселу аударманың

міндеттерін сҽтті орындауға мүмкіндік береді. Дегенмен, бұндай түсініктің

алдамшы сипаты бар, себебі аударма қашан да ҿзге тілдегі оқырманға арналады

жҽне соның ыңғайына бағытталатын шығармашылық үдеріс. Аудармашының

автор секілді шығармашылық еркіндігі жоқ, ол үнемі қабылдаушы-рецепторды

ойлап отыруы керек. Қазақ оқырмандары үшін ҿзге тілді оқырмандарға

қарағанда Абай шығармаларының мазмұны айқын ҽрі ашық ғана емес, үнемі

ақпаратты болып келеді. Мҽтін астарын, аллюзияны, оқиғаның жасырын мҽнін

кейіпкердің түптұлғасының ҿзгерісін түсіну үшін оған қосымша зерттеу

жасаудың қажеті жоқ. Ал Абайдың шығармаларын ҿзге тілге аудару үшін

аудармашыға кҿп зерттеу жасап, түсініктеме жасауына тура келеді. Тілді

белгілі бір дҽрежеде меңгерген оқырман түсінікті, имплицитті, жалпы түрде

берілген ақпаратты оңай қабылдайды. Мысалы Абай шығармаларындағы

тҿмендегідей қанатты сҿздер мен концепт сҿздер қазақ тілді оқырман үшін

түсінікті, мағынасы нақты болғанымен, аудармада бұларды сілтемелер,

түсініктемелер арқылы тек эксплицитті түрде қалпына келтіруге болады.

«Қулық саумақ, кҿз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – ҿнерсіз иттің ісі: кҿкіректе

сҽуле жоқ, кҿңілде сенім жоқ: кҿңілдегі кҿрікті ой ауыздан шыққанда ҿңі

қашады: Мұхаммед Мұстафа, хакім, сҽжде, руқұғ, иман, молда, шариғат,

құлшылық ету, намаз, ораза т.б».

Түпнұсқа мен аударма мҽтінді қабылдау екі түрлі жүретінін, яғни сол

тілдегі оқырманның табиғи түрде жҽне ҿзге тілді оқырманның үстірт

қабылдауы болатынын ескерген дұрыс. Қазақ оқырмандары Абай

шығармаларындағы кейбір сҿз тіркестерді, мақал-мҽтелдерді, қанатты сҿздерді

табиғи түрде, таныс нҽрсе ретінде қабылдаса, ал шетелдіктер бейтаныс

ұғымдар ретінде оқыс нҽрсе тҽрізді, ҿзгеше қабылдайды.

Мҽселен,

Күшік асырап, ит еттім,

Ол балтырымды қанатты...

..Адам бір боқ кҿтерген боқтың қабы т.б.

Осы тармақтарды тура мағынасында аударатын болса, ҿзге тілдегі

қабылдаушы үшін ерсі кҿрінуі мүмкін. Сол үшін аудармашы рецептордың

37

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!