15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

аударамын деген аудармашының танысып шығуы маңызды болмақ: а) ҿзіне

сарыны сҽйкес келетін ақынды алады; ҽ) сҿзбе-сҿз аударманы біреу жасап

бергеннің үстіне ҿзі де жасап алады; б) аударатын ҿлеңін грузин тілінде ҽр

түрлі қып оқытып, үн ырғағына құлағын жаттықтырады; в) аудармасының ҽрбір

қайтармасын грузин сыншыларына оқып беріп, түзеп отырады [102, 27б.]. Бұл

берілген сипаттамаларға алып қосарымыз Абай мұрасын аударуды тарихшы,

ҽдебиетші, философ, абайтанушы ғалымдармен кеңесеп отырып жасау қажет.

Абайды аудару жалғыз адамның емес бірнеше адамның араласуымен

жүргізілетін үлкен жұмыс.

Ағылшын тіліндегі аудармада аудармашы баяндау, сипттау ҽдісіне кҿбірек

жүгінеді. Бірақ баяндау мен сипаттаутүпнұсқаның жоғары кҿркемдік дҽрежеде

аударылуына мүмкіндік бермейді. Түпнұсқадағы кҿркемділік пен бейнелілікті

аудармада баяндау автордың ақындық тұрғысын, шығармашылық даралығын,

ойлау ерекшелігін ҿз дҽрежесінде ашпайды. Нҽтижесінде түпнұсқадағы

образдылық кҿркемдік эстетикалық мҽн ҽлсірейді.

Абайдың ҿлеңдеріндегі фразеологизмдерді аудару аудармашы үшін ҿте

ауыр, кҿп жағдайда түпнұсқадағы фразеологизмнің баламасы аударма тілінде

кездесе бермейді. Орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармаларда фразеологиялық

бірліктердің образдылығы біршама ҿзгерген. Я.Рецкер фразеологиялық

бірліктерді (мақал-мҽтелдердің, қанатты сҿздердің) тұтас құрылымын ҿзгертіп

(приемом целостного преобразования), яғни түпнұсқадағыдай стилистикалық

жҽне экспрессивті бояуы мен мағынасы болатындай етіп аудару қажеттігіне

тоқталады. Маңыздысы аудармада фразеологизмді түпнұсқа тілінде мағынасы

жақын фразеологизммен берген дұрыс [103, 46б.]. Рецкердің пікіріне толық

қосыламыз, себебі Абайдың ҿлеңіндегі орыс, ағылшын тілдеріне сҿзбе-сҿз

аударылған «Бір ұрты май, бір ұрты қан» деген фразеолгизм оқырманның

түсініп қабылдауына ауыр, сондықтан аударма тілінде сҽйкес келетін

фразеологизммен, болмаса мазмұнын баяндап аудару керек. Абайдың

поэзиясындағы фразеологизмдердің орыс, ағылшын тілдеріне аударған

аудармашылар фразеологизмді тұрақты емес, тура мағынадағы лексикалық

бірліктер ретінде қабылдап, оны сҿзбе-сҿз аударады. Екіншіден, түпнұсқадағы

жекелеген фразеологизмдердің орыс тілінде бар баламасын таба алмайды.

Үшіншіден, түпнұсқада ауыспалы мағынада қолданылған тілдік бірліктерді

фразеологизм ретінде қабылдайды жҽне солай аударады. Бұндай жағдайларда

аудармада түпнұсқаның мазмұны, мҽні, кҿркемдік ерекшеліктері дұрыс

(адекватно) беріледі деп айтуға болмайды.

Ең басты талап – аудармашы фразеологизмді фразеологизммен аударуға

ұмтылуы керек. Дегенмен, кҿп жағдайда түпнұсқа мен аударма тілдерінде

сҽйкес фразеологизмдер табыла бермейді. Мұндай жағдайларда сипаттама

беруге, калькалауға, лексикалық аударма жасауға, контекстуалды ауыстыруға,

таңдап аударуға тура келеді. Біздіңше, фразеологизмдерді аударуда лексикограмматикалық,

семантикалық трансформациялардың қай-қайсысын да

лайықты жерінде орнын тауып қолдануға болады.

141

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!