15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Жалпы алғанда, метафора – сыртқы, не ішкі бір ұқсастығына қарап, бір

нҽрсені екінші нҽрсеге балау. Абайдың ҿзінің де ҽдебиетке кіргізген жаңа

метафоралары аз емес. Солардың бірі – «Ар, ұяттың бір ақыл – күзетшісі».

Абай ақылды ар ұяттың күзетшісіне балайды. Осы ой ХҮІІІ ғасырда ҿмір

сүрген Шал ақынның «Иман – қой, ақыл– қойшы, нҽпсі – бҿрі, Бҿріге қой

алдырмас, ердің ері» деген ойларымен орайлас келеді. Ақыл мен ұят сақталса,

ешбір жамандыққа бой бермессің дейді ақын. Бірінші тармақтағы «достық»,

«қастық», «бар қызық» жҽне екінші тармақтағы «ар», «ұят», – бҽрі жүрек

сипаттарын білдіреді. Ар мен ұят жоқ жерде достық та, қызық та болмайды. Ар

мен ұят адамды достыққа бастайды, қастыққа жібермейді. Қызықтың қызуына

ҿлшем салатын да солар. Ақын жүректің осы екі аяулы сыпатына күзетші

қояды. Ол күзетшінің аты – ақыл. «Ар, ұяттың күзетшісі ақыл» болғанда,

«ақылдың сҿзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық» болуы

шарт. Ақын танымында осы ұғымдар мен түсініктердің қатары мен жүйесінің

маңызы зор [80, 9б.].

Түрік тіліне З.Исмаилдың аудармасы:

Dostluk, düşmanlık hepsi de yürek işi,

Ar, utanmanın akıl bekçisi.

Ar ile utanma bitmezse, başka bir konu,

Arlanma, büyüklük bu günün mertebesi [10,159].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Достық, дұшпандық бҽрі де жүрек ісі,

Ар, ұяттың ақыл күзетшісі.

Ар мен ұят бітпесе, басқа бір сҿз,

Арланба, биіктік бұл күннің мҽртебесі

Аудармашы Абай идеясын біршама дұрыс жеткізуге тырысқан. Ҽсіресе,

алдыңғы екі жолды, ондағы поэтикалық сҿздерді де дҽл аударған деуге келеді.

Алайда, аударылып отырған ҿлеңнің композициясына келер болсақ, түрік

тіліндегі аудармада буын, бунақ, тармақ мҽселелері ескерілмеген. 11 буынмен

жазылған ақын ҿлеңі аударманың бірінші жолында 12 буын, екінші жолында 10

буын, үшінші жолында 14 буынды, тҿртінші жолында 13 буынды болып ҿзгеріп

отырады. Ҿлең ұйқасын сақтауға тырысқанымен, буын санының ҽркелкі болып

аударылуы аударма сапасына теріс ҽсер еткен.

Ұйғыр тіліне Д.Ясеновтың аудармасы:

Достлуқ, қҽстлик һҽммҽ қизиқ – жүрҽк иши,

Ар, номусниң бир ҽқил – күзҽтчиси.

Ар вэ номус келишмисҽ ғҽлитиғу,

Номус билҽн ашар һҽр ким мҽртивиси.

103

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!