15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

құбылысының қыртыс-қатпарына осылай бойлайды. Ал аудармада ақынның

«ит қорлық» метафорасын аудармашы «мұндай иттік» деп аударыпты.

Абайдың кҿпке мҽлім «Қансонарда бүркітші шығады аңға...» деп

басталатын ҿлеңінің кҿркемдік-эстетикалық қасиеті оқырманның да,

абайтанушылардың да лайықты бағасына ие болған. Табиғат пен адамның

ажырамас бүтін-бірлігі мұндай кемел суреттелген жалғыз ҿлеңімен ғана талай

ақын тарихта қалар еді. Тіпті, табиғат лирикасы дегеннен гҿрі кҿргіш, сезгіш,

ой қорытқыш ұшқыр қиял иесі ҽр адамның кҿңіл күйін тереңнен тартып,

жалаңаштай, жарқырата кҿрсетудің ғажайып үлгісі осындай [94].

Құсы да иесіне қоразданар,

Алпыс екі айлалы түлкі алғанда.

―Үйірімен үш тоғыз‖ деп жымыңдап,

Жасы үлкені жанына байланғанда.

Қазақ тілінде малға байланысты кҿрініс тапқан фразеологизмдер ҿте кҿп.

Сондықтан ұлттық ҿмірдің айнасы болып табылатын фразеологизмдердің

ҽлемнің тілдік бейнесін жасаудағы орны ерекше болса, оны танымдық

тұрғыдан талдау, ҿзге тілге аудару оңай емес.

Татар тіліндегі Н.Арсланның аудармасы:

Бҿркете дҽ, хужасы да кукраема

Житмеш тҿрле хҽйлҽ остасын алганда,

―Ҿере белҽн ҿч тугыз‖ дип, шаян кҿлеп,

Агасы мал бҽйлҽсҽ тагын янга [8,18], –

деп аудармашы «Құсы да иесіне қоразданар» деген жолды «Бүркіті де

қожасына кісімсінеді» деп шалажансар аударады. «Қораздану» – қодыраңдау,

едіреңдеу, қоқилану мағынасын білдіретін сынды құсқа тҽн қылықтар болса.

Ақын «қораздану» етістігі арқылы құстың мінез-ҽрекетін образды түрде шебер

бейнелеген. Ал осы сҿзді «кісімсінеді» деп адамға тҽн жағымсыз мағынада

кҿрсетуін аудармашылық тапқырлық дей алмас едік. Аудармада ақынның

«Алпыс екі айлалы түлкі алғанда» деген жолын «Жетпіс түрлі ҿнер ҽдісін

білгенде» деп мүлде жҿнсіз аударған. «Алпыс екі айлалы» – сҿзі қу, айлакер

мағынасын білдіріп кҿбінесе түлкінің асқан айлакерлігіне қатысты айтылады.

Ал аудармадағы «жетпіс түрлі ҿнер» сҿзі түлкіден гҿрі адамға, оның ішінде ер

жігітке лайық қолданыс. Сондай-ақ, осы ҿлеңдегі «үйірімен үш тоғыз» –

кҿбінесе аңшыларға қарата айтылатын «олжа кҿбейсін!» деген мағынадағы

тұрақты тіркес, осынау жақсы тілекті аңғартатын фразеологиялық тіркесті

аудармашы «Тобыменен үш тоғыз» деп аударған. «Үйір», «топ» сҿздері бірінің

орнына бірін қолдана беретін мағыналас сҿздер болғанымен, тұрақты

тіркестердің мағыналық сыңарларын ауыстыруға болмайтын аудармашы

ескермеген тҽрізді. Ҽр халықтың аңшылық дҽстүрі ҿзіне ғана тҽн, ҿз

132

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!