15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

жазған тума шығармасына жауаптылықпен қарау қажеттілігі сҿзсіз. Ал ҿте

жауапты нҽрсе – біреудің шығармасын аудару. Бұған ҿте шеберлік керек.

Шығарманы аударушы адам, сол шығарманың барлық мазмұнын түсіндірумен

қатар, жазушының нҽзік сезімін, шеберлігін, шығармаларының қаңдай күйде,

қаңдай рухта жазылғанын жақсы білу керек. Демек, аудармашы сол

аударманың авторынан ой-санасы, сезімі тҿмен болса, онда аударма дҽл болып

шықпайды. Шығарма аударылғанда рухынан айрылып қалса, онда

аудармашының жазушыға қиянат істегені болады», – деген пікірі орынды

айтылған [46, 53б.].

Профессор Т.Есембеков: «Поэтикалық аудармада ҿлшем мен ұйқастың

сҽйкестігін сақтау аздық етеді. Ҿлеңге ҽуенділік, саздылық сияқты қасиеттер

тҽн болғандықтан мҽтіннің фонетикалық ерекшеліктеріне де назар аудару

керек. Поэтикалық аударма автор қолданған барлық бейнелеу мен суреттеудің

амал-құралдарын қатаң есепке алуды талап етеді. Аудармашы ондағы ой, сезім,

тҽжірибе, пҽлсапалық ұғым, образдың қайсысының жинақталып бейнеленгенін

ажыратып алғаны дұрыс. Поэтикалық аударма мҽселелері поэзиялық мҽтіннің

ерекшелігіне, оның мҽдени-тілдік, образдылық қасиеттеріне байланысты.

Мұндағы ҽдеби пішінге деген ерекше кҿзқарас, сҿздің семантикалықстилистикалық

ҿрісінің сан алуандылығы аударма үдерісіне салмақ түсіреді», -

деген пікір айтады [47,34б.]. Кҿркем шығарманы аудару үдерісінде

аудармашыға сҿздікке, анықтамалық сҿздікке, түсіндірме сҿздікке жүгіну аздық

етеді. Аудармашы сонымен қатар ассоциациялар сҿздігімен жұмыс жасауы

қажет. Ассоциация сҿздігінің басқа сҿздіктерден айырмашылығы ол жеке

дайын кітап емес. Ассоциация (associare-жеткізу) аудармашының жылдар бойы

жинаған тҽжірибесі мен қажырлы еңбегі арқылы келеді. Аудармашы тармақ

пен шумақты емес, автор поэзиясының магнит ҿрісін аударуы керек. Магнит

ҿрісі бірден кҿрінбейді. Магнит ҿрісі түпнұсқаның астарынан орын алады, сол

түпнұсқаның астарындағы автор ойының мҽнін ашу аудармашының міндеті.

Аудармада сҿздің мҽнімен бірге ондағы жасырылған ассоциативті ресурстар

берілуі тиіс. Шығармашылық үдерістің мұндай түрі ҿте маңызды жҽне кҿп тер

тҿгуді қажет етеді. Түпнұсқаны қолына алған сҽттен аудармашы біріншіден

түпнұсқадағы барлық образдар тізбегін құрайтын стимул сҿздер мен магнит

сҿздерді анықтайды. Анықталған сҿздердің арасында семантикалық байланыс

орнатылып, ассоциативтік кеңістік пайда болады. Аудармашы үшін

түпнұсқадағы сҿздердің ассоциативтік байланысын анықтау маңызды, себебі

аудармада түпнұсқаның магниттік ассоциативтік байланысының дҽл берілуі

аудармашы еңбегінің жемісі болып табылады.

Абайдың «Айттым сҽлем, қалам қас» деп басталатын ҿлеңінде «қалам

қас» сҿзі оқырманның кҿз алдына бірнеше ассоциацияларды алып келуі мүмкін.

Мысалы: «сұлу қыз, жіңішке қас, қыз баланың есімі». Аудармада осы

ассоциацияларды дұрыс жеткізу аудармашының тҽжірибесіне байланысты.

Берілген тармақты орыс тіліне П.Шубин мынадай үлгіде аударады: «Шлю,

тонкобровая, привет! Ақын қыз баланың бойындағы шексіз сұлулықты бір ғана

56

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!