15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысында

аударма теориясына, салыстырмалы ҽдебиеттануға қатысты шетел

ғалымдарының еңбектерімен бірге, отандық ғалымдар: З.Ахметов,

А.Нұрқатов, Қ.Жұмалиев, М.Мырзахметов, Ғ.Есім, Н.Сағындықова,

С.Абдрахманов, Ж.Дҽдебаев, Т.Жұртбай, С.Қасқабасов, А.Жақсылықов,

Т.Есембеков, Ҽ.Тарақов, С.Құспанов, А.Кҿпбасарова, Г.Болатова т.б.

зерттеушілердің еңбектері басшылыққа алынды. Сондай-ақ, аударманың

табиғатын жете зерттеген кҿрнекті орыс ғалымдары: В.С.Виноградов,

Л.С.Бархударов, Е.В.Бреус, В.Г.Латышев, С.В.Тюленев, А.В.Федоров сынды

ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынып, жалпы ҽдеби аударма жанрының

заңдылықтары жайлы ой-пікірлері назарға алынды. Түпнұсқа мҽтіндері мен

кҿркем аударма мҽтіндерін аударманың ғылыми-теориялық қағидалары

бойынша сараптап, тарихи-салыстырмалы, функционалдық, компаративистік

талдау ҽдістері қолданылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыста Абай

Құнанбайұлы шығармаларындағы бейнелеу құралдарының түрік, ҿзбек,

қырғыз, татар, ұйғыр тілдерінде берілу жолдары мен кҿркемдік деңгейі,

олардың мағынасы мен мҽні алғаш рет қарастырылып отыр. Ақынның адам,

қоғам, адамгершілік, ҿмір, ҿлім жайлы ҽлеуметтік-этикалық жҽне эстетикалық

кҿзқарастары, яғни ақындық танымының аудармадағы кҿрінісі салыстырмалы

талдау нҽтижесінде бағаланды. Сондай-ақ, ақынның кҿңіл-күйі, сезімі, жан

толғанысы, оның қоршаған ортаға деген үні мен кҿзқарасының берілу жолдары

аударма қағидалары негізінде айқындалды.

– Абай шығармаларының тікелей ағылшын, түрік, қырғыз, ұйғыр, ҿзбек

тілдеріндегі аудармасы алғаш рет қарастырылып отыр.

– аударма шығармаларды түпнұсқамен салыстыра отырып, аударма

дҽлдігін, автордың идеясын берудегі аудармашылардың ұстанымы

аударматану тұрғысынан зерделенді;

– Л.Озеров, В.Державин, М.Касаткин, А.Кодар, Т.Боттинг, М. Максүд,

И.Жҽлилов, З.Исмаил, А.Токомбаев сынды аудармашылардың стильдік

ерекшеліктері талданып, олардың Абайды аударудағы ҽдіс-тҽсілдері

толыққанды кҿрсетілді;

– Абай аудармаларының жанрлық композициялық, тілдік, идеялықэстетикалық

дейгейлеріне назар аударылды.

– Абай ҿлеңдерінің аудармалары арқылы, орыс, ағылшын, сондай-ақ,

туыстас тілдердің фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктері талданды;

Қорғауға ұсынылатын негізгі нәтижелер мен тұжырымдар.

– Абайдың ағылшын тіліндегі аудармаларында сҿз қосу, толықтыру, орын

ауыстыру, шендестіру сияқты трансформацияның түрлері жиі пайдаланылған;

– туыстас тілдерге ақын шығармалары кҿбінесе түпнұсқаны

транскрипциялау арқылы берілген;

4

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!