15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

б) түпнұсқадағы обьективті, субьективті ақпараттарға назар аударуы қажет;

в) түпнұсқа авторының идеясын, шығармашылық ұстанымын, ҿмір

шындығынан ҿнер шындығын жасау концепциясын, стилін терең түсінуі шарт.

Кҿрсетілген талаптар түпнұсқа туындыны қабылдау, түсіну, пайымдау

үшін аса маңызды. Қабылдаушының біліктілігіне қойылатын басқа да талаптар

бар. Осы талаптарға тиісті деңгейде жауап бере алған жағдайда ғана

аудармашы ҿз міндеттерін сҽтті орындауға мүмкіндік табады. Аударматануда

мұндай түсініктің алдамшы сипаты бары, шығармашылық үдеріс алдын ала

пайымдалмай, санадан тыс ҿтетіні туралы пікірлер де бар. Аударма нақты

тұлғаның шығармашылығы болғандықтан, бұл пікірлердің аудармашы еңбегіне

де тікелей қатысы болады. Алайда аудармашы еңбегінің кезеңдерін, үдерістерін

алдын ала пайымдауға болмайтыны, олардың санадан тыс ҿтетіні туралы

пікірлерге сыншылдықпен қарауға тура келеді. Ҿйткені шығармашылық еңбек

үдерісінің кезеңдері мен сатыларын пайымдауға болмайтыны туралы ойлар мен

пікірлердің ғылыми негізі ҽлсіз, дҽлелі, дҽйегі жоқ.

Ҽрине, аудармашы мҽдениетаралық байланыстың дҽнекері қызметін

атқарады. Бұл қызмет үстінде ол түпнұсқаны автордың дҽл ҿзі секілді танып,

біле алмайды. Бірақ бұл аудармашының түпнұсқаны мүлде танып, біле

алмайтындығы туралы ойға алып келуге тиіс емес. Аудармашы біліктілігі

неғұрлым жоғары болса, оның түпнұсқаны танып, білу, түсіну, түсіндіру

мүмкіншілігі де соғұрлым мол болмақ.

Оқырман үшін мұндай біліктілік міндетті емес. Оқырманның белгілі бір

мҽтінді қабылдауы, түсінуі мен аудармашының біліктілігі арасында үлкен

айырмашылықтар бар. Мҽтіннің мазмұны айқын ҽрі ашық қана емес, үнемі

ақпаратты болып келеді. Оқырманның мҽнмҽтінді, аллюзияны, оқиғаның

немесе сҿздің жасырын мҽнін, кейіпкердің түптұлғасының болмысын түсінуі

үшін, оған ҿздігінше зерттеу жүргізудің қажеті жоқ.

Мысалы Абайдың «Сегіз аяғындағы»:

Aлыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған... [2, 87б.].

секілді тармақтардағы ҽр сҿзді, ҽр суретті оқырман ҿздігінше қабылдап,

ҿздігінше түсінеді. Оның түсінігіне сын айту орынсыз. Ал аудармашы бұл

тармақтарды, олардағы ҽр сҿзді, оның тиісті мағыналарын терең түсінуге,

ғылыми негізделген жүйеде бағалауға міндетті. Бұл оңай жұмыс емес.

«Алыстан сермеп» деген екі сҿзден тұратын бір тармақтың мағынасын

анықтаудың ҿзі аудармашы үшін үлкен қиындыққа түседі. Алыстан сермеудің

иесі, дҽлірек айтатын болсақ, осы тармақтағы қимылдың, істің иесі – «қызыл

тіл». Алыстан сермейтін – «қызыл тіл». Ал тіл қалайша сермейді? Қалайша

алыстан сермейді? Жалпы, тіл сермей ме? Сермесе нені сермейді? Міне,

осындай сұрақтар туындайтыны заңды. Бұл сұрақтарға қалай жауап беруге

8

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!