15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Вс.Рождественский бірінші тармақта «напряженный» деген эпитетті

қосқан. Аударманың екінші тармағындағы «пока ты жив» түпнұсқада жоқ жаңа

ой. Ақын тірі кезінде немесе ҿлгеннен кейін деп ойын нақтыламаған.

Түспнұсқадағы эксплицитті мағына имплицитке айналған. Аудармада жақтың

иілуі мен оның екі басы туралы ақпарат жоқ. Үшінші тҿртінші тармақтарда

аудармашы ақыл айтып түпнұсқадан тіптен ауытқып кеткен. Мұндай қателік

аудармашының ҿлеңнің тууына негіз болған ҿмір құбылыстарының сипатын

жете танымағандығынан деп түсінеміз. Аудармашы ақынның ойлау даралығын,

шығармашылық тұрғысы мен нысанасын түсінбеген. Дегенмен аталмыш

ҿлеңнің тілі қарапайым, нақты болса да аудармашының тура жолдан сүрінуінен

Абай ҿлеңдерін аударудың оңай еместігін кҿреміз.

Аллегориялық образ. Аллегориялық құрылымы жағынан метафоралыққа

ұқсас. Мұнда «кҿркем сурет» белгілі бір нҽрсемен немесе мҽтіндегі

кейіпкермен байланыста болады. Аллегорияда автор ойын астарлап жеткізеді.

Аллегориялық образ ертегілерде, ҿтірік ҿлеңдерде кҿптеп кездеседі. Абайдың

ҿлеңдерінде де аллегориялық образдар жоқ емес. Мысалы:

Естілер де ісіне қуанбай жүр,

Ел азды деп надандар мұңаймай жүр.

Ала жылан, аш бақа күпілдектер,

Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр [2, 51б.].

П.Карабанның аудармасы:

Судья презирает свой сан и закон.

К злодеям, к ворам снисходителен он, -

И множится зло, расцветая вокруг,

И нет преступленьям преград и препон [3, с.106].

Аудармашы сҿздің мағынасына бойламай, ҿзінің тарапынан үлкен

ҿзгерістер енгізген. Ақын шығармасының кҿркемдік мҽнін, образдық жҽне

құрылымдық жүйесін, ақынның ойлау ерекшеліктерін, мҽнерін танымаған.

Аудармашы ҿлеңнің денотативті, сигнификативті мағыналарын аша алмаған.

П. Карабанның аудармасынан трансформацияның тҿрт түрін де (қосу, алу,

ҿзгерту, орын ауыстыру) кҿруімізге болады. Аударманы ақынның шығармасы

деу қиын. П.Карабан ақынның тіліне, ойлау дүниесіне мұқият зер салмаған.

Түпнұсқа мен аударманың сҽйкес келмеуінен аудармашы тілді жақсы білмейді

деуге негіз бар. «Қазақ тілінің түсіндірме сҿздігінде»: «Ала жылан, аш бақа -

бір бірімен араз ҿш» деген анықтама берілген [45, 36б.] Демек, бұл тұрақты

тіркес деуге болады. Аудармашы «злодей», «вор» деген образдарды жанынан

қосқан. Түпнұсқада «Ала жылан, аш бақа» образдың қызметін атқарып тұрған

жоқ, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты сипаттап тұр. Аудармада

аллегориялық образдардың екеуі де жойылған. Жалпы аудармашы ақын

ҿлеңінің мазмұнын жете түсінбеген. Шҽкҽрімнің: «Ақын – жазушы ҿзінің

55

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!