15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

сондай - ақ оның ҽдеби мҽнерін, шығармашылық даралығын, стилін жеткізуді

талап етеміз. Егер айтылған міндеттер орындалмаса, онда аударма жарамсыз

болып есептелінеді» пікірі ойға оралады [15, 29б.].

Абайдың «Сегіз аяқ» ҿлеңінің орыс, ағылшын тілдеріне тҽржімалаған

аудармашылар еркіндікке, ойды бұрмалаушылыққа кҿп жол береді. Оқырманға

түпнұсқа авторының жазу табиғатын, стилін, шығармашылық даралығын

жеткізу сияқты ҿздеріне тиісті міндеттерін ескере бермейді. Түпнұсқаны орыс

тіліне аударған Л.Озеров, В.Державин, М.Касаткин, Ҽ.Кодар түпнұсқаның

мазмұнын жеткізген, ақынның ҿлең ҿлшемін, яғни тармақ санын сақтаған.

Дегенмен аудармада ең бастысы - шумақтағы жол санын сақтау емес,

түпнұсқаның мағынасын аудармада жеткізу. Аудармашылар түпнұсқадағы

тармақ санын аудармада сақтағанымен, түпнұсқа мен аудармада олардың

беретін мағынасы екі басқа. Аудармашылар еркін аударған. Түпнұсқа мҽтінді

ағылшын тіліне сатылы түрде орыс тілінен аударған Т.Боттинг орыс тіліне

аударған аудармашылардың тарапынан кеткен кемшіліктерді білмеген болуы

керек. Нҽтижесінде орыс тілінде солғын тартып тұрған мҽтін мағынасы

ағылшын тіліндегі аудармада одан бетер кҿмескіленіп кеткен. Сондықтан

болашақта сатылы аударма жасаушыға түпнұсқаның жолма-жол нұсқасын

тікелей ұсыну қажет деп білеміз.

1.2. Абай ӛлеңдерінің тәржімаларында қолданылған

амал-тәсілдер

Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» ҿлеңінде ғылым, тҽрбие туралы

ойларын жан-жақты дамытып, адамның бойында болуға қажетті жақсы

қасиеттерді насихаттап, жаман қасиеттерден арылып, олардан алшақ болуға

шақырады. Абай поэзиясының ерекшелігі - оның ҿлеңдеріндегі философиялық

таным, ҽлеуметтік этикалық кҿзқарастардың жинақталуында болып табылады.

Аудармашы қашан да осыны ескеріп, Абай сҿзінің тек кҿркемдігін ғана емес,

философиялық астарына да мҽн бергені жҿн.

Ақынның мұндай кҿзқарастары мен ұстанымдарын білдіретін жекелеген

сҿздер мен тіркестердің мҽн-мағынасын дҽлме-дҽл жеткізуге ұмтылу қажет. Бұл

үшін аудармашы алдымен Абай философиясын, дүниетанымдық қағидаларын

зерттеп, ұғына білсе құба-құп болар еді. Осындай міндеттерді аудармашылар

аудармада орындай алды ма, жоқ па соны байқап кҿрсек.

М.Петровыхтың аудармасы:

Пока не знаешь - молчи.

Пока блуждаешь - молчи.

В бесцельных днях и в ночи

Пустых забав не ищи.

Чтоб человеком ты был

И вровенъ с веком ты был,

21

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!