15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Астымда сол баяғы жартас болды.

Үн бар, бірақ бос үн.

Лирикалық кейіпкер түпнұсқада жартасқа барса, аудармада жартастың

үстінде тұрады. Ақын жартастан шыққан жаңғырық туралы айтатын болса,

аудармашы «жаңғырықтың» (эхо) орнына «үнді» (звук) алады. Абай

жаңғырықтың үнін естігісі келіп, оның жҿнін білгісі келіп «кҿп іздедім

қаңғырып» десе, Л. Озеров «сол үн қалай, қайдан келді деп жан-жақтан іздеді»

деген ойды береді. Абайдың «қаңқ етер, түкті байқамасын» Л.Озеров «Үн бар,

бірақ бос үн». (Отклик есть, но отклик пустой) түрінде аударады. Осы

салыстырулардан мынадай жай белгілі болады: Абайдың айтып отырған ойы,

оның мағынасы, мҽні аудармада ҿз деңгейінде кҿрініс таппаған. Қайсібір

сҿздердің лексикалық мағынасы ҿзгерген, қайсібір сҿздердің эмоциялық

мазмұны жойылып кеткен, енді бір сҿздердің мағынасы ауа жайылып, ақынның

ойының бұрмалануына алып келген. Нҽтижесінде түпнұсқаның поэтикалық

мағынасы жүдеп, кедейленіп шыққан. Мінсіз поэтикалық жүйенің келісімі

бұзылған.

А.Кодардың аудармасы:

Я к утесу ходил,

Криком там исходил,

Эхо долго катало мой крик.

Изучая тот звук,

Я прошел путь наук,

Мне казалось, я много постиг.

Но утес, он на то и утес,

Крик мой канув, нигде не пророс (А.Кодар) [ 6, 104 б.].

Шумақтың сҿзбе-сҿз қазақ тіліне кері аудармасы:

Мен жартасқа бардым,

Айқай салдым

Жаңғырық менің айқайымды ұзақ уақыт жаңғыртып тұрды.

Сол дауысты зерттей келе,

Мен ғылым жолынан ҿттім,

Мен кҿп нҽрсеге жеткен сияқты едім.

Бірақ жартас, ол сол үшін жартас,

Менің айқайым жоғалып, жалғасын таппады.

Түпнұсқадағы: «Естісем үнін, Білсем деп жҿнін, Кҿп іздедім қаңғырып», –

жолдарын аудармашы орыс оқырмандарына нақты түсіндіру үшін ақынның

ізденісін аударма теориясындағы лексикалық трансформация нақтылау тҽсілін

қолданғандығын байқаймыз. «Я прошел путь наук» деп, ақынның ғылыммен

айналысқанынан ақпарат беруді жҿн санаған.

15

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!