15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

фразеологиздерді аударуда аудармашылардың аударылып отырған ұлт жҿнінде

экстралингвистикалық аясы кең болуы қажет.

2.3. Абай ӛлеңдеріндегі образды оралымдардың туыстас тілдерге

аударылуы

Қазақ тілінің туыстас халықтардың тілдерімен тарихи, мҽдени, ҽлеуметтіктұрмыстық,

психологиялық, материалды жҽне рухани жақындығы мен

қоғамның ҽлеуметтік саяси құрылымының ұқсастығы аудармашылардың

жұмысын жеңілдетеді. Дегенмен, туыстас тілдердің арасында да аударма

болған соң қиындықсыз болмайды. Туыстас тілдердің фонетикалық,

лексикалық, грамматикалық жүйелерінде генетикалық жақындық болғанымен,

аудармашылардың фонетикалық адаптация жасауға, грамматикалық

құрылымды ҿзгертпей кҿшіруге, тіларалық омонимдерді ауыстыруға ҽуестене

бермей, тілдердің арасындағы ерекшеліктерге де кҿңіл аударғандары жҿн.

Түркі тілдерін тілдік (фонетикалық, морфологиялық) тұрғыдан

топтастыру-классификациялау, сҿйтіп ҽрбір тілдің түркі тілдері құрамындағы

орнын айқындау М.Қашқаридан басталады. Кҿптеген түркологтар, В.В.Радлов,

Н.Вамбери, Н.Ф.Катанов, Ф.Е.Корш, А.Н.Самойлович, В.А.Богородицкий,

С.Е.Малов, Н.А.Баскаков сияқты кҿрнекті ғалымдар, түркі тілдерін

классификациялауда аса құнды пікірлер айтқаны белгілі.

Н.А.Баскаков түркі халықтарын территориясына қарай тҿрт топқа бҿледі.

Бірінші топқа литвалық татарлар, қарайымдар, қырымшақтар, крым татарлары

жҽне гагауздар; екінші топқа ҽзербайджан, құмық, қарашай, ноғай, түркмендер;

үшінші топқа татар, башқұр, чуваштар; тҿртінші топқа ҿзбек, ұйғыр,

қарақалпақ, қазақ, қырғыздарды жатқызады. Барлық түркі тілдеріне кҿне

субстраттардың, иран, қытай, кейіннен араб, парсы, орыс тілдерінен ықпалы

түспей қоймаған. Бұл елдердің географиялық, ҽлеуметтік- экономикалық

жағдайларында ұқсастықтардың болуы жҽне олардың ұзақ жылдар бойы бірбірімен

үздіксіз қарым-қатынаста болып келуі тілдердің лексика, грамматика

саласында ортақтықты сақтап қалуға себепші болды.

Жалпы түркі тілдерінің басқа тілдерден басты айырмашылығы –

жұрнақтардың түбір морфемадан соң жалғануында. Сондықтан түркі тілдері

жалғамалы тілдерге жатады, ҿйткені бұл тілдерде жаңа сҿздердің туу формасы

қосымшалар арқылы болады [58, 321б.].

Түркі тектес тілдер бір-біріне қаншама жақын болса да, олардың

фонетикалық жҽне фонологиялық жүйелерінде айырмашылық бар. Олар

фонемалық құрамымен ғана емес, сол фонемаларды бір жүйеге қалай

ұйысқандығымен де ерекшеленеді [59, 83б.].

Түркі тілдерінің дауысты дыбыстар құрамында кейбір ҿзгешеліктерден

кҿрі ұқсастықтар күшті екендігі сезіледі. Мысалы, қазақ тілінде дауысты

дыбыстардың саны 11 болса (а,ҽ,е,ы,и,і,о,ҿ,у,ү,ұ), ҿзбек тілінде 6(а,е,э,и,о,у),

ұйғыр тілінде 8 (а,ҽ,е,и,о,ҿ, у,ү), қырғыз тілінде 8 (а,э, е,ы,и,о,ҿ,у,ү). Сол сияқты

74

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!