15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

.. Жас сыйламас ағасын,

Алып жыртар жағасын, – деген жыр жолдарымен үндесіп жатыр. «Мал ашуыжан

ашуы» – дегенді шығарған қазақ салықтан құтылған қандастарын

кҿрсетуден еш тайынбайды. Арыз-жаланың бҽрі осыдан ҿршіді. Сайлау кезінде,

санақ кезінде мал мен жан басы туралы үнемі жасырын келісімдер жасалған.

Бірақ олардың ашылмай қалғаны аз. Ҿйткені «Ереже» бойынша: «Егерде

жасырып қалғандарды болыстың ҿзі немесе сайлаушылар ҽшкерелейтін болса,

онда ол адам айып тҿлеуден құтылады». Қаңдай нҽзік ҽрі ҽккі бап. Ағайынның

арасына іріткі салудың ең оңай ҽрі нҽтиже беретін тҽсілі. Қазақ ағайынға

ҿкпелемей жүрмейді. Сол нҽрсеге бола Абай айтқан кҿп «дептінің» бірін айтып

шыға келеді. Би мен болыс сайлауынан кейінгі қазақты арандатқан ең үлкен

қырқыстың бірі осы салық жҿніндегі «Ереже» болды. Ағайынды екі адамның

ҽкеден алған еншісін де таласқа салған осы қитұрқы бап. Бҽйбіше мен тоқалдын

балаларын ҿш қылған да сол. Ҿйткені бірі мен бірі байлықтың бҽсекесіне

түседі. Бҽсеке бар жерде – бҽсеңдік жоқ. Балаға ҽкесін, ініге ағасын аңдытқан,

малға арын саттырған дҽстүрлі заң емес, отаршылдардың басыбайлы етуге

бағытталған басқару «Ережесі»[43,151б.]. Ҿлең 11 буынды қара ҿлең

ұйқасында жазылған.

Татар тіліне Н.Арсланның аудармасы:

Сагалый атаны ул, аганы эне,

Нидҽн килҽ мондый этлек, хурлык кҿне?

Мал ҿчен намус саткан, ант органның

Корып китсен ҽйткҽн сүзе, чыккан ҿне [8,24б.]

Қазақ тіліне сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Сақалды атаны ұл, ағаны іні,

Неден келер мұндай иттік, қорлық күні?

Мал үшін намыс сатқан антұрғанның,

Құрып кетсін айтқан сҿзі, шыққан үні, –

деген аудармада Абайдың ел пиғылының бұзылып, ҽкенің балаға, ағаның ініге

жау болған кейпін аудармашы жеткізуге тырысқан. Аудармада ақын жүрегінен

үлкен ызамен шыққан «антұрған» сҿзін аудармашы сол қалпында берген.

Абай поэзиясында жиі ұшырасатын «Ар сату» етістігін татар тілінде «намыс

сатқан» деп аударады. Абай туындыларында бір-біріне қарсы қойылатын –

«еңбекпен мал табу» жҽне «ұрлықпен мал табу» ұғымдары ұтымды

пайдаланылады. Сондай-ақ, осылардың екіншісіне орайлас «иттікпен мал табу»

тіркесі де кездеседі. «Ешбір қазақ кҿрмедім, малды иттікпен тапса да,

адамшылықпен жұмсаған. Бҽрі де иттікпен табады, иттікпен айырылады», -

дейді ойшыл [21, 336б.]. Осындай ащы ызадан Абайдың «ит қорлық»

метафорасы туындаған. Ақын ҿз тұстастарының мінезіне қосақтасқан жҽне

талас-тартысқа толы заманының жағымсыз белгі-бедерлерінен байқалған иттік

131

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!