15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Абай ҿлеңдерінде қазақ арасына бұрыннан белгілі афоризмдер мен мақалмҽтелдер

кездесіп отырады. Сондай-ақ, ақынның кейбір оралымды ойлары

халық құлағына ҽбден сіңісті болғаны соншалық, олардың кҿбі қанатты сҿзге

айналған. Абай мұрасындағы афоризмдер арнайы аражігін ажыратуды қажет

ететін мҽселе деп ойлаймыз. Осындай мҽтелдің бірі – «Тесiк моншақ жерде

қалмас». Абай:

Сҿзді ұғар осы күнде кісі бар ма?

Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.

Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,

Біреуден біреу алып, елге тарар.

Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,

Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.

Ит маржанды не қылсын‖ деген сҿз бар,

Сҽулесі бар жігіттер бір ойланар, – дейді. «Тесiк моншақ жерде қалмас» сҿзінің

негізгі мағынасы асыл зат керексiз болып қалмайды, ҽйтеуір бір күн кҽдеге

жарайды дегенді білдірсе, ақын ҿз жазғанын «тесік моншаққа» балап, бұл да бір

күн пайдаларыңа жарар дегенді айтпақшы болған. Бұл мҽтелдің аудармалары да

осы сипатты.

Татар тіліне Н.Арсланның аудармасы:

Сүз кыйммҽтен аңлый торган кеше бармы? –

Ҽйтмим маны бҿтен илгҽ ошар диеп.

Ятмый, дигҽндҽй, тишекле тҿймҽ жирдҽ‖,

Бер-береңнҽн ишет, тарат илдҽ йҿреп.

Беркешене түгел, язам ил турында,

Рҽнжемичҽ, чырагларым, аңлау ярар.

―Ҽткҽ мҽржҽн нигҽ хажҽт?‖ дигҽн сүз бар,

Якты аңлы егетлҽр бер уйлап карар [8,35б.] –

деген аудармашы Абайдың үмітпен күдікке толы осы бір ҿлеңінің «Сҿзді ұғар

осы күнде кісі бар ма?» деп оқырманын ойлануға шақырған жолын «Сҿз

қымбатын түсінетін кісі барма?» деп аударады. «Сҿзді ұғу» етістігі Абайдың

ҿлеңдерінде де, қара сҿздерінде де кҿп кездеседі. «Біреу ұқпас бұл сҿзді, біреу

ұғар», «Сҿзді ұғар осы күнде кісі бар ма?» деген ақын сҿз қадірін білетін

адамның жоқтығына налыған болатын. Осы жолды аудармашының ҿзінше

кҿркемдеп беруге тырысқаны байқалады. Кҿптің бҽрінің бірдей ҿзін түсінбесін

білген ақын: «Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар» деген еді. Мұны

аудармашы: «Айтпаймын мұны бҿтен елге жағар деп», – аударған. Ақын

«Жалпақ жұрт» сҿзін тегін қолданбаса керек. «Жұрт» сҿзінің мағынасы терең.

«Халық», «ел», «мемлекет», «Отан» деген ұғымдармен астасып жатқанын

дҽлелдейді. Бұған дҽлел Алаш қайраткері Ҽ. Бҿкейханның «Жалпақ жұрттың

кҿкірегінде жақсылық болмаса, жұрт «жұрт болып» тіршілік құра алмақ емес»

деген елдік мағынасы терең сҿзін айтуға болады. Абайда «жұрт» сҿзі «қазақ»

126

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!